0:00 / 0:00
Тәуелсіздік алғанымызға отыз толып отырса да көрші ресеймен шекарамыз толық шегенделмеген. Премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Ресейдің шекарасы 7,5 мың шақырымнан асатынын айтады. Бұл жайында ол сенаттың жалпы отырысынан соң өткен брифингте айтты. Осы уақытқа дейін делимитация жұмыстары толығымен аяқталған. Бірақ демаркация, яғни, арнайы белгілерді орнату жұмыстары бітпеген. Бас дипломат көршімен шекараны толық шегендеу жұмысы 2-3 жылдың еншісінде дейді.
Сондай-ақ Ресеймен Каспий теңіздегі шекараға қатысты тура осындай шарт әзірленіп жатқан көрінеді. Каспий теңізінің жағалауындағы 5 мемлекет бастапқы тік сызықтар мәселесін талқылап жатыр, - дейді министр.
Екі елдің бірлескен комиссиясы қазақ-ресей шекарасын шегендеу жұмысын 2007 жылдың шілдесінде бастаған болатын. 2009 жылы шекарада арнайы белгілерді орнату жұмысына кіріскенді. Бұл процесс әлі жалғасуда.