0:00 / 0:00
Қазақстан көрші Ресейге салынып жатқан санкцияларды қалай айналып өтеді? Бұл мәселе АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің елімізге сапары барысында талқыланды. Ең алдымен құрметті қонақты Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдап, екі жақты қарым-қатынас мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, АҚШ хатшысын Ақордада да қонақ қылды. Президент қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ хатшысы Энтони Блинкеннің кездесуі өтті.
Көршіге тиген таяқтың ұшы біздің елді де есіп өтетіні сөзсіз. Себебі, Қазақстан мен Ресей тығыз қарым-қатынастағы елдер. Экономикасы бір-біріне байланған. Ал Ресейге салынып жатқан санкциялардың Қазақстанға әсер ететіні сөзсіз. Елімізде инфляция деңгейі шарықтап кетті. Импортқа тәуелді болып отырған Қазақстан үшін бұл үлкен қауіп. Ресейден елімізге келетін мпорт көлемі 40 пайызды құрайды. Ал антиресейлік санкциялар инфляциялық қысым жасап отыр. Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде АҚШ хатшысы Энтони Блинкен Ресейге қарсы салынған санкциялардың Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты. Ол Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы басқа елдерге тиіп жатыр деді.
ЭНТОНИ БЛИНКЕН – АҚШ ХАТШЫСЫ «Біз елдерге салынған санкциялардың салдарын көріп отырмыз. Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы басқа елдерге де кері әсер етіп отыр.Дегенмен біз өзгенің есебінен санкция зардабын тартып жатқан елдердің кәсіпорындары мен компанияларына арнайы лицензиялар береміз. Біз жаңа логистикатық мүмкіндіктерді, экспорттық нарықтарды іздейміз. Біз Орталық Азия елдеріне жаңа серіктестер мен жаңа мүмкіндіктер ашу жолында бар күшімізді саламыз. Сонымен қатар, серіктес мемлекеттермен жұмыс істейміз және жаңа сауда әлеуетін дамыту үшін «С5+1» форматына қатысушы елдерге қолдау көрсетеміз»
Өз кезегінде қазақстандық бас дипломат Мұхтар Тілеуберді Қазақстан үкіметі мен АҚШ әкімшілігі осы мәселеге қатысты жүйелі кеңес жүргізіп отырғанын айтты.
МҰХТАР ТІЛЕУБЕРДІ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ «Қазақстан үкіметі мен АҚШ әкімшілігі арасында осы мәселе бойныша жүйелі түрде кеңесу жұмысы жүріп жатыр. Қазақстан экономкиасына кері әсер ететін тұстарын айналып өту, Тағы да санкциялар болып жатса, оның әсерін болдырмау жолдарын қамту үшін екіжақты ұлттық кординатор құрылған. Америка жағы тағы да санкиялар салынатын болса, алдын-ала бізді хабардар етеді. Сол үшін көп рақмет!»
Экономистердің бағалауынша, сыртқы нарыққа қолы жетпей жатқан ресейлік тауар өндірушілер көршілес елдерді қамтып қалуға жанын салады. Бұл жағдайда Қазақстан ресейлік тауарлардың астында қалып, нарықта отандық өнімге қысым жасалуы мүмкін. Егер сыртқы істер министрі Тілеуберді мырзаның жоғарыда айтқан сөзіне сенсек, Қазақстан антиресейлік санкцияларды айналып өту үшін өз аймағын қолдануға жол бермейді. Дегенмен, қазақстандық энергоресурстың бәрі Ресей аймағы арқылы тасымалданады. Тек Каспий құрбыр консорциумы арқылы қазақ мұнайының 80 пайызы өтеді. Айта кетейік, бұл АҚШ хатшысының елімізге алғашқы сапары. Бұдан әрі Энтони Бликенді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық ынтымақтастық туралы айтылды. Қауіпсіздік, энергетика, сауда және инвестиция саласына қатысты серіктестік мәселелері талқыланды. АҚШ Қазақстанға 62 миллиард доллардан астам инвестиция құйған ірі инвестордың бірі болып табылады.