Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕСЕЙ ЕЛШІСІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНЕ ШАҚЫРЫЛДЫ

c 15:25, 05/10/2022 c 1248

0:00 / 0:00

Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың мәлімдемесі қазақстандықтарды алаңдатып отыр. 4 қазанда Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Бұған Украина елшісі Петр Врублевскийдің Қазақстанға қайтып келуі себеп болған. Захарова мәлімдемесінде қазақ елшісіне мұндай жағдай орын алмауы тиіс деп айтылды-дейді. Алайда, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Захарованың украин елшісін Қазақстаннан шығаруға қатысты мәлімдемесі одақтық қатынастардың сипатына сәйкес келмейді деп мәлімдеп отыр. Мұны Сыртқы ведомство басшысы Мұхтар Тілеубердінің аузынан естігісі келген тілшілерге министр жауап беруден бас тартты. Бұл оның деңгейіндегі мәселе емес екен. Дегенмен ол осы жағдайға байланысты Ресейдің Қазақстандағы елшісін шақыртқанын айтып қалды.

Ал Мария Захарованың мәлімдемесіне қатысты деңгейі келетін еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі жауап берді.

Қазақстандық депутаттар Ресей СІМ-ң бұл мәлімдемесі Украинаны мұқату үшін жасалып отыр дейді

Мәжілісмен Перуашевтің пікірінше, бұл- дипломатиялық қысым.

Украина елшісі Петр Врублевский біздің елімізде жағымсыз мәртебеге ие екені мәлім. Ал Захарованың елшіні қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үндеуі мүлдем түсініксіз дейді ресми өкіл Айбек Смадияр. Ол Украинаның Қазақстандағы елшісі Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық иммунитетке ие екенін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.