0:00 / 0:00
Жаңа Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру үшін бүкілхалықтық референдум өтіп, Ата заңға өзгерістер енгізіледі. Қазақстандықтар 5 маусымда өтетін республикалық референдумға қатысуға дайын ба? Халық Конституцияға енгізілетін түзетулерден хабардар ма? Бұл сұрақтарды депутаттардан сұрадық. Себебі халыққалаулылары ел аралап, халықты Конституцияға енгізілетін өзгерістермен таныстырып шықты. «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары елордадан 15 шақырымдағы Қоянды ауылында болған еді.
Парламенттің қос палата депутаттары аймақтарды аралап, сайлаушыларымен кездесіп, Ата заңға енгізілетін өзгерістермен таныстыруға тырысып-ақ бақты. Қазақстандықтардың референдумға қатысып, ел болашағын өзгертуге үлес қосуы қажет екенін жарыса айтып жатты. Ал Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіліп, референдумда осы өзгерістерді қолдайтыныны немесе қолдамайтыны жайында бір ғана сұрақ қойылмақ. Маңызды мәселе-халық басты заңға енгізілетін түзетулерден хабардар ма? Мысалы, тұңғыш президент Нұрұлтан Назарбаевтың мәртебесі жайында нормалар түгелімен Конституциядан алынып тасталады, сайлау туралы заңға өзгеріс енеді. Ел басқару институында да түзетулер болады. Елорда маңындағы Қоянды ауылына ат басын тіреген Мәжіліс депутаттарынан жергілікті халық маңызды мәселелерді шешіп беруді сұрады. Нұр-Сұлтанға тиіп тұрған Қояндыда жол жоқ, су толық тартылмаған, элеткр энергиясының тарифы реттелмеген. Байқағанымыз халықты саяси реформалардан гөрі, күнделікті тұрмыстың қамы көбірек мазалайды.
Депутаттар халыққа әкімді сайлау құқығы берілсе, жергілікті мәселе де шешіліп қалар деп сендірді.
Өңірлерді аралап қайтқан сенаторлардың сөзіне сенсек, халық референдумға қатысып, өзгеріс жасауға дайын.
Сенатордың айтуынша, Конституциядан Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мәртебесін алып тастағаннан кейін бюджет шығындары да азаяды.