0:00 / 0:00
Референдумға бөлінген соманың 80 пайызға жуығы комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина осылай деп жауап берді. Ағымдағы жылдың 5 маусымында елімізде бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумда қазақстандықтар Ата заңға енгізілетін өзгерістерге дауыс береді. Ал референдум өткізуге қазынадан 16,4 миллиард теңге бөлінді. Ендігі сұрақ қыруар қаржы қалай, қайда жұмсалады?
Жаңа Қазақстанды құру үшін елде саяси реформалар жүзеге асады. Ол үшін Конституцияның олқы тұстарын жөндеп, айтарлықтай өзгеріс енгізуге тура келіп тұр. Президент ұсынған реформаларды жүзеге асыру үшін Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізілмек. Бұл өзгерісті жасау халықтың қолында. Тәуелсіздік алғалы елде бір рет ғана референдум өтті. 27 жылдан соң қазақстандықтар басты заңға енгізілетін түзетулерді өзі бақыламақ. Референдум өткен соң елде не өзгереді? деген сұрақ қазір әр қазақстандықтың көкейінде. Ал үкімет айтулы референдумді өткізуге қазынадан 16,4 млрд теңге қаржы бөлді. Ендігі сұрақ, бұл миллардтар қайда, қалай жұмсалады? Әзірге Орталық референдум комиссиясының шотына ақша түспеген. Дегенмен, оны жұмсауға сақадай сай.
СӘБИЛӘ МҰСТАФИНА – ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ "Бұл соманың 21 пайызы яғни 3 миллиард 456,6 миллион теңгесі дауыс беру учаскелерін материалдық-техникалық көмек көрсетуге, референдумның орталық, учаскелік және аумақтық комиссияларының жұмысын жүргізуге, баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ, ақпараттық қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жұмсалады. Ал 79 пайыз яғни 13 миллиард 3 миллион 400 мың теңгесі комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады»
Айта кету керек, референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен бөлінеді. Комиссия төрағасының айтуынша, референдум өткізу учакелерінде жұмыс қауырт жүріп жатыр. Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек,12 миллионға жуық адам референдумға қатысады.
Комиссия мүшелерінің айтуынша, қазақстандықтар 20 мамырдан бастап тұрғылықты жері бойынша тізімде өзінің аты-жөнін тексере алады.