Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РАҚЫМШЫЛЫҚҚА КІМДЕР ІЛІГЕДІ?

c 17:16, 28/09/2022 c 1737

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысының Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалатыны айтылған болатын. Қасым –Жомарт Тоқаев қаңтар трагедиясында көптің жетегінде кеткен, өз кінәсін мойындап, өкінгендерге рақымшылық жасалады деді. Тек экстремистік қылмыс жасағандар, қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар рақымшылыққа ілікпейді. Бүгін Парламент Мәжілісінің дәлізінде Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев рақымшылыққа нақты кімдердің ілгетінін мәлімдеді.

ӘСЕТ ШЫНДАЛИЕВ - ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Рақымшылыққа ілігу үшін айыпталушының келісімі керек. Оның келісімінсіз амнистияға енгізе алмаймыз. Ол үшін айыпталушы өз кінәсін мойындап, келтірген шығынды өтеуі керек. Амнистияға ілігу деген кінәсі жоқ деген сөз емес. Айыбын мойындаған адам жазадан рақымшылық жасалып құтылады»

Сондай-ақ прокурор жақында алты жылға сотталған Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа да істердің тергеліп жатқанын айтты. Еске сала кетейік экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" АҚ-ның және "Көлік сервисі орталығының" қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп сотталды. Сондай-ақ, Сатыбалды компанияға келтірген 40 млрд теңге шығынды өтеуге медиациялық келісімге келгенді. Әсет Шындалиевтің мәлімдеуінше, қазір антикор Қайрат Сатыбалдының басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтап, тергеп жатыр.

Прокурор қазір тергеушілер салық заңнамасы мен қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру саласындағы заңбұзушылықтарды тергеп жатыр. Сонымен қатар жазасының белгілі бір бөлігін өтегеннен кейін Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере алады дейді. Өздеріңізге мәлім, 26 қыркүйекте Астана қаласының соты Қайрат Сатыбалдұлына қатысты үкім шығарып, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісін алты жылға бас бостандығынан айырды. Оның жеке мүлкі тәркіленеді. Қайрат Сатыбалды жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.