Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пышақталған кәсіпкер есін жиды

c 17:55, 27/03/2019 c 745

0:00 / 0:00

Үш  жерден пышақталған, ұялы телефондар сататын «Мобильник» сауда орнының иесі бүгін түнде есін жиды. Кәсіпкерге 23 наурыз күні қарақшылық шабул жасалған болатын. Шабул жасаған азамат бұған дейін де істі болған. Бүгінгі күні науқас қалалық көбпбейінді ауруханада ем алуда. Шамамен кешкі уақытан 5 тен соң қарақшы дүкен иесін пышақтап, тауарларды әкеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары нәтижесінде көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді. Бұл оқиға орындағы бейнебақылау құрылғысына түскен кадрлар. Көріп тұрғандарыңыздай қылмыскер 40 минуттай дүкенде жүріп, тауарды асықпай таңдап, иесінің назарының өзге жаққа бұрылғанын да қалт жібермеген. Абырой болғанда дәрігерлер жігіттің өмірін аман сақтап қалды. Куәгерлер жаралы кәсіпкердің көп қан жоғалтқанын айтады. Ал, дәрігерлер болса жәбірленуші үш жерден жарақаттанғанын айтады. Ал полицейлер қарақшылық әрекет бойынша күдіктіні қолға түсірді. Қамауға алынған 40 жасар айыпты бұған дейін де бірнеше мәрте істі болған. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қолға түскен сәтте одан қылмыс жасаған қару мен ұрлаған заттары болған. Бұл жолы оның үстінен тағы бірнеше қылмысқа қатысы барлығы да анықталыпты. Ол Зеленов ауданының тұрғыны. Ұлты армян. Отбасы бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.