Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

c 10:53, 30/03/2023 c 116

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында үкімет пен жаңа парламенттің алдындағы міндеттерді тізбектеп берді.
Тоқаев, көппартиялы парламенттің жаңа бағыттағы жұмысына, алда атқаратын бірқатар басталамарға тоқталды. Реформалар жалғаса береді, саяси құрылымды жетілдіру қажет. Бұл – аса маңызды жұмыс деді ол. Президент қандай міндеттерді жүктеді? Ол жайында Әселім Қалкен баяндайды.

Сөйтіп жаңадан сайланған сегізінші шақырылымның депутаттары алғашқы жұмыс күнін бастады. Сессияның ашылуына келген Президент депутаттар мен үкіметке бірнеше міндеттерді жүктеді. Тоқаев биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтетінін айтты. Үкіметке депутаттармен бірлесіп, орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналатын болды. . Елдің өндірістік әлеуетін барынша арттыру қажеттігін айтты. Президент Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр деді. Ал газ тапшылығын шешу үшін оның бағасын реттеу қажеттігі туындап отыр.

Қазақстанда жылу беру электр орталықтарының да тоқғаны мәлім. Қыста бірқатар аймақта қалалар мен елді мекендер жылусыз қалғанын еске салды Тоқаев.

Әлеуметтік салада да жаңалықтар бар. Мемлекет мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыра береді. Асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысы 14,5 пайызға өсетін болды.

Өздеріңізге мәлім, Ата заңға енгізілген өзгерістер сәйкес, енді заң қабылдау құзыреті Мәжіліске өтті. Мәжіліске бірқатар артықшылық беріліп отыр. Тоқаев өз сөзінде сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы өтетін үлкен осы залды Мәжіліске тұрақты пайдалануға беруді ұсынды. Ал жаңа үкіметті жасақтау мәселесі де осы сайлауда басым дауыс жинаған саяси партияға беріліп отыр. Яғни «Amanat» партиясы пермьер-министрдің кандидатурасын Президентке ұсынатын болады.

Мемлекет басшысы сөз соңында Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Үкімет шын мәнінде есеп беретін Үкіметке айналады деді. Ал үкімет басшылығын ұсынған аманаттықтар осы үкіметтің жұмысы үшін жауапты болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.