Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУҒА 20 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

c 10:00, 09/09/2022 c 1395

0:00 / 0:00

Кезектен тыс Президент және Мәжіліс депутаттарын сайлауға қазынадан 45 млрд теңге жұмсалады. Қаржы вице-министрі журналистер сұрағына жауабында осылай деді. Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауына жұмсалатын қаржыны есептеуге кірісіп кетіпті. Шамамен 20 млрд теңге жұсалмақ. Алайда, сайлаудың қашан өтетіні белгісіз. Президенттің жарлығы да шыққан жоқ. Дегенмен шенеунік сайлаудың өтетін күні белгілі болғанға дейін дайын отыруымыз керек дейді. Жалпы Президент сайлауы 2024 жылға жоспарланған және қаржы да келесі жылдың бюджетінде көзделген. Алайда кезектен тыс өтетін сайлау бұл жоспарды өзгертіп отыр.

ТАТЬЯНА САВЕЛЬЕВА – ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Биыл Президенттік сайлауға Үкімет резервінен қаражат бөлінеді. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы есеп жүргізіп жатыр. Бұған шамамен 20 млрд теңге жұмсалады. Шығын неліктен артып отыр? Біріншіден, ең төменгі жалақы өсті. Сайлауға байланысты барлық шығыстың 90 пайызы дерлік сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысына кетеді. Бұған дейінгі сайлауларға 65 мың адам қатысты. Биыл 70 мыңнан астам адам қатысады»

2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігінде ағымдағы жылы Президент әкімшілігінің шығындары 10,6 млрд теңгені құрайды. Яғни 22,7 млн доллар. Өз кезегінде үкімет қарызға белшеден батып отыр. Вице-министр үкіметтің сыртқы қарызы 24 трлн. теңгеге жеткенін айтады. Бұл квазимемлекеттік сектордың қарызын есептемегенде.

ТАТЬЯНА САВЕЛЬЕВА – ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Жалпы үкіметтің сыртқы қарызы 24 трлн. теңгені құрайды. Оның ішінде міндеттемелер де бар. Бұған квазисектордың қарызы кірмейді. Бұл тек үкіметтің қарызы »

Жолдауда айтылғандай келесі жылы мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауына 25 млрд теңге қарастырлып отыр. Осылайша үкімет Президент және Парламент сайлауларына қомақты қаражатты жоспарлап қойған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.