0:00 / 0:00
Кезектен тыс президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев озып шығып, Қазақстанның Президенті болып сайланды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ресми қортындысын жариялады. Сондай-ақ, Тоқаевты президент ретінді ұлықтау рәсімінің өтетін күні де алыс емес. Толығырақ тілші репортажынан
Кезектен тыс өткен Президент сайлауының ресми қортындысында ОСК алдын ала жариялаған нәтижесі расталды. Еске сала кетей бұл сайлауға Қазақстан халқының 8 млн 300 мыңнана сатамы қатысып, дауыс берді. 6 млн 456 мыңнан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Ол өз бәсекелестерінен әлдеқайда озып шықты. Қалған кандидаттар 2 пайыздан астам ғана дауыс жинады. Бұл додада Тоқаевтан соң, «бәріне қарсымын» деп дауыс бергендердің нәтижесі екінші орында болды. 460 мыңнан аса сайлаушы барлық кандидатқа қарсы дауыс берген екен. Не керек, жылдам шешім қабылдауға әбден үйреніп алған ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты ел президенті ретінде ұлықтау күнін де көпке созбай алдағы сенбіде өткізетін болды. Ұлықтау рәсімінде Тоқаев ант береді.
Әдетте президентті ұлықтау рәсіміне шетелден қонақтар келіп, өзге ел басшылары да қатысып жатады. Бұл жолы бұрынғыдай ас та төк той бола ма? Ол жағы белгісіз. Қаржы министрі Тоқаевты ұлықтауға қазынадан ақша бөлінбейді деп отыр.
20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауанда 10 мыңанан астам сайлау учаскесі қызмет көрсетті. Шетелдердегі Қазақстан өкілдіктері жанында 68 учаскеде дауыс беру рәсімі жүргізілді.