Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полицияның көзі һәм құлағы

c 15:41, 27/03/2019 c 863

0:00 / 0:00

БҚО бойынша қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіздікті бақылау үшін 578 камера жұмыс жасап тұр."Қауіпсіз аула" бағдарламасы арқылы көп қабатты үйлердің аулаларына 346 камера қойылған.Бүгінде осы камералар полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп тұр.Алайда істен шығып, жиі жөндеуді қажет ететін камералар да бар.Орал қаласының ауқымы жыл санап артқан сайын, қала тұрғындары да көбейіп келеді.Осы ретте үлкен қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті күзететін полицейлерге артылар жүк ауыр.Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында БҚО ПД 2,4 миллиярд теңгеге екі видео бақылағыш тақта мен 50 видеокамера сатып алуды жоспарлап отыр.Бұл екі видео бақылағыш тақта арқылы көшедегі 443 камера бақыланып отыратын болады.Ал, енді сатып алынады деп жоспарланып отырған 50 видеокамера заман талабына сай қызмет көрсетеді деп жоспарланған.Ол камералар көшедегі машиналардың нөмірі мен адамдардың бет әлбетін толық тануға мүмкіндік береді.
Ал, биыл Бәйтерек ауданынң ауылдарына деп 243 камера қою жоспарда бар.Жер - жерге қойылатын бұл камералар, полиция қызметкерлерінің көзі һәм құлағы.алладан қорқуды білмейтін алақтар мен ұры қарі көбейген заманда полицейлер тәртіп мпен қауіпсіздікті осы ағыл тегіл камералардыңкөмегімен бақылауда ұстауды жоспаралп оытр.Алайда, ол камераларды ңкейде істен шығып жататын кездері болып тұрады.
Дәл қазіргі уақытта БҚО бойынша 578 камера қойылған.Олардың ішінде 97 камераны жедел жоспарлау басқармасының қызметкерлері бақылайды.Ал, 346 камера көп қабатты үйлердің аулаларына қойылса, 135 камера қаланың адам көп шоғырланатын орталықтарына орналастырылған.Полиция қызметі тынымсыз жүретін жұмыс. Негізгі тергеу амалдары жүргізілетін Абай полиция бөлімі бүгінде 200 мыңдай адамға қызмет көрсетеді. Осы жерде Абай полиция бөлімшесіне келіп кететін тұрғындар бөлімше алдындағы кептелісті айтып шағымданғанды.Қала тұрғынының сұрағына жауап берген Генерал Аблазимов алдағы уақытта Абай полиция бөлімі басқа орынға ауысатының , ол жердегі кептелістің уақытша екендігін жеткізді.
Бұдан бөлек алдағы жылдары Зашаған кентінде бөлек полиция бөлімін ашу жоспарда бар.Себебі қазір Зашаған кентіндегі адамдарға қызмет көрсетіп отырған учаскекелік полицейлерге түсер салмақ көп көрінеді."Қала аумағы өсіп, адам санының артуына байланысты қалада тағы бір полиция бөлімі ашылу жоспарда бар",- деді БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.