Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ПОЛИЦИЯҒА ШАҒЫМ КӨП»

c 09:58, 01/07/2023 c 113

0:00 / 0:00

Полиция халық үшін қолжетімді ме? Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр? Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде талқыланды. Айтулы жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, полицияны модернизациялау мәселесін көтерді. Президенттің айтуынша, «Жұртқа жақын полиция» қағидатын орнықтыру үшін нақты шаралар қабылдануда. Осы қарқынды тоқтатпау керек. Қызмет көрсетудің сервистік моделі туралы тек мамандар ғана айтып жүр. Қарапайым азаматтар мен қоғам өкілдері пікір білдіріп жатқан жоқ. Бұл – халық оның нақты нәтижесін, оң өзгерістерді көріп жатқан жоқ деген сөз.Сондай-ақ, Тоқаев ел аумағында есірткі өндірісі белең алып бара жатқанын, бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін мәселе екенін айтты.

Мемлекет басшысы полицияның жұмысына қатысты кем-кетіктер мен атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды. Өздеріңізге мәлім, елде полиция қызметінің сервистік моделі енгізіліп жатыр. «Жұртқа жақын полиция» қағидатын енгізу үшін пилоттық жобалар қолға алынған. Полицияның тұрғындармен тығыз жұмыс жасауы көзделген. Алайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық оң өзгерістерді көріп жатқан жоқ дейді. Мемлекет басшысы сотқа дейінгі тергеу саласына да кемшіліктер барын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында заңдарды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал жастардың ортасында есірткі тарату мен қолдану аясы белең алып бара жатқаны да алаңдатады. Президент есірткінің таралуына қарсы күрес үшін бүкіл уәкілетті органдардың күш-жігерін біріктірмесек, жағдайды ушықтырып аламыз дейді. Әсіресе синтетикалық есірткінің таралуы кең етек жайып жатыр.

Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі де қозғалды. Тоқаев отбасындағы жанжалдың алдын алу жұмысына ерекше назар аудару қажет деді. Мемлекет басшысы келтірген статистика елдегі зорлық зомбылық фактілерінің көбейіп бара жатқанын көрсетеді.

Президент көптеген әлеуметтік кеселдің түп тамыры, соның ішінде қылмыс көбінесе тұрмысы нашар отбасылардан бастау алатынын айтты. Мұндай отбасындағы балалардың зардап шегетіні мәлім. Өздеріңіз мәлім, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді. Қазір 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз бастала береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.