0:00 / 0:00
Ел полциясы киберқылмыспен күресуде қауқарсыз. Себебі, бұл салада маман тапшы. Ішкі істер министрлігінде киберқылмыстың тек статистикасын жасау ғана жүріп жатқандай. Ал ол қылмыстың алдын алу, жою мәселесімен айналысатын арнайы маман жоқ. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жасалатын киберқылмыстардың 99%-ы - интернет-алаяқтық. Бұл орайда әсіресе ақпараттық технологиялар саласында дамыған елдер де қылмыстың осы түрінен зардап шегіп жатыр. Соңғы 7 жылда біздің елде киберқылмыс түрінің саны 10 еседен асқан. Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевтың мәліметінше мұндай қылмыстар былтыр тіркелген қылмыстардың жалпы санының 19 пайызын, алаяқтық қылмыстарының 50 пайызын құрайды. Оның үстіне былтырдың өзінде азаматтарға келтірілген шығын 21 миллиард теңгені құрады.
Аңқау халық интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатыр. Алаяқтардың заңсыз әрекетінде шектеу жоқ. Тіпті азаматтардың есімін жазып тұрып, алдап арбап жатады. Ватсап желісіндегі сілтемелерлен көз шалынады. Оны ашып қалғандардың басы бәлеге қалып, жеке мәліметтері жарияланып кетіп жатқаны қаншама. Ол аздай өзінің атынан белгісіз біреулердің несие рәсімдеп алғанын да білмей жүргендер жоқ жерде банк алдында борышкер болып жатыр. Ішкі істер министрінің орынбасары 4 мың интернет-алаяқтық жасаған 2 мыңға жуық адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілерге 850 миллион теңге көлемінде шығын өтелді дейді. Ал жоғарыда аталған 21 миллиардтың толық өтелетініне сенім жоқ. Депутаттар сим-картаны оңды –солды сатуға шектеу енгізу керек дейді.
Алайда, Цифрлық даму министрлігінің өкілі Руслан Әбдіқалықов сим-картаға шектеу енгізілмейтінін айтты. Оны сәйкестендіруді ұсынды. Себебі шектеу енгізілсе, оны біреуге қайта сататын адамдар пайда болуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары киберқылмыспен күресетін жеке-дара мекеме құруды ұсынады.
Сондай-ақ, интернет-алаяқтықтардың ең көп саны онлайн-сауда саласында көрінеу жалған хабарландырулар орналастыру арқылы жасалады. Ішкі істер министрлігінің статистикасына сүйенсек, жалпы орын алған 3645 қылмыстың 1334 осыған тиесілі.