Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«PFIZER» САЛДЫРАТЫНДАРДЫҢ ТІЗІМІ КЕҢЕЙТІЛУІ МҮМКІН

c 11:35, 16/11/2021 c 988

0:00 / 0:00

Pfizer салдыратындардың тізімі кеңейтілуі мүмкін деді Үкімет басшысы Асқар Мамин. Премьер-министр бұл жайында БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты. Сондай-ақ, Мамин коронавирусқа қарсы ревакцинация жасауды жоспарлап отырмын деді. Өткен аптада ғана елге жеткізілген американдық вакцинадан көпшілік үмітті. Ал Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 18 жасқа дейінгі балаларға салу жоспарланған болатын.
Әлемді жалмаған қауіпті індетке қарсы Pfizer вакцинасына қазақстандықтар тарапынна сұраныс көп болуы мүмкін. Себебі, бұл екепе ДДҰ-мен ұсынылған, вакицна құрамын тірі вирус жоқ. Осы екпені салдырғандар вирус жұқтырмайды дейді дәрігерлер. Алайда, елде бұл екпеге баршаға қолжетімді болады деп айту қиын. Себебі, билік 12 мен 18 жас аралығндағы балаларға, емізулі бар аналар мен жүкті әйелдерге ғана осы екпені салдыртамыз деп отыр.Өткен аптад соңында ғана елге жеткен американдық екпеден үміттілер көп әрине. Осыған қарағанда жоғарғы жаққа ұсыныс түсті ме, премьер-министр Pfizer салдыратындардың тізімі кеңейтілуі мүмкін деп отыр. Яғни басқа санаттағылар да алады.

АСҚАР МАМИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР "Біз түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Қазір МАБ аясында шешім әзірленіп жатыр, мүмкін, біз оны осы аптада жариялаймыз. Басқа санаттағы азаматтар осы вакцинаны алуы немесе қайта салдыруы мүмкін".

Өздеріңізге мәлім, Денсаулық сақтау министрлігі 22 қарашадан бастап елде ревакцинация науқанын бастамақ. Үкімет басшысы да ревакцинация жасауға дайындалып отыр екен. Егер Pfizer вакцинасын салдырушылар тізімі кеңейтілсе, американдық екпеден Маминге де бұйырып қалуы мүмкін ғой.

АСҚАР МАМИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ "Міндетті түрде ревакцинация жасатамын. Тіпті осы аптада немесе келесі аптада алуға тырысамын. Маусымда бірінші "Спутник V" вакцинасын алдым, қазір Pfizer, біздің QazVac және қытай вакциналары бар. Қазір тізімі кеңейді. Кеңес аламын, әлі шешпедім. Алғашқы вакцинациядан кейін 6-8 ай қажет"

Ал бүгін елордада емханалар мен білім ордаларында балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer екпесін егу басталды. Жасөспірімдер екпе алуға ата-аналарымен бірге барды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.