Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПЕТИЦИЯ ӘКІМДЕР МЕН МИНИСТРЛЕРГЕ ӘСЕР ЕТЕ МЕ?

c 14:05, 22/09/2023 c 55

0:00 / 0:00

Петиция арқылы өз наразылығын білдіруге мүмкіндік бар. Бірақ қол жинап қандайда бір әкімнің немесе министрдің қызметінен кетуіне әсер ете алмайсыз. Сенат "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сай, 50 мыңнан аса дауыс жинаған азаматтық өтініштер үкімет деңгейінде қаралатын болады. Толығырақ тілші тарқатады.

Петиция дегеніміз билікке жіберілген жазбаша түрдегі ұжымдық өтініш.Қоғам қандай да бір шешімдермен келіспеген жағдайда да өз наразылығын петиция арқылы білдіреді. Парламент Сенаты «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Құжатқа сай, 50 мыңнан аса дауыс жинаған азаматтық өтініштер үкімет деңгейінде қаралатын болады. Сонымен қатар, өтінішті міндетті түрде қарау үшін дауыс беру шегі белгіленеді. 50 мың адам тұратын аудан деңгейінде – 2,5 мың дауыс, басқа жағдайда – халықтың 5 пайызынан кем емес боулы керек.

Сенатор Рүстемовтің айтуынша, қоғам петиция арқылы "Басқару нысанын өзгерту, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы мен шекаралары, сот төрелігі, рақымшылық, Ұлттық қауіпсіздік сияқты мәселелер бойынша өтініштер бере алмайды. Қазақстандықтар үшін петиция арқылы шағымдануға шектеу қойылған тұстар баршылық. Мысалы, қазақстандықтар қандай да бір әкім мен министрдің жұмысына көңілі толмаса, петиция арқылы оның қызметінен кетуіне әсер ете алмайды.

ДАНИЯР ҚАДЫРОВ – ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Бұл мәселелер заңда анық көрсетілген. Қарсы петиция бере алмайды. Өйткені конституциялық заң бар, Президенттің, Үкіметтің және Парламенттің қос палатасының конституциялық құқықтары бар. Ал басқа жағдайларда ұсынуға болады. Бірақ Президент, Парламенттің қос палатасы және Үкімет тағайындайтын лауазымдар бойынша петиция жасалмайды».

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында алматылықтар Алматы әкімі Ерболат Досаевқа қатысты петиция жариялағанды. Онда Досаевтың отставкаға кетуін талап етіп, әлеуметтік желіде петицияға қол қойғандардың саны бір аптаның ішінде 56 мыңнан астам адамға жеткенді. Алматылықтар қаладағы бітпейтін құрылыс пен жөндеуді қажет етпейтін жолдардың қайта-қайта қопарылуына, әкімнің халықпен кездесудегі дөрекі жауабына наразы болғанды. Алайда, бұл петициядан еш нәтиже шықпады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.