0:00 / 0:00
Қазақстанда жалға беру қоры құрылуы мүмкін. Бұл ақша салып, пәтер сатып алып, жалға бере алатындарға арналған қор болмақ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осындай бастамасымен бөлісті. Министрдің айтуынша, жеке жалдау қорларына инвестиция салатын адамдар тұрақты табыс алатын болады.
ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ – ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ « Біз ыңғайлы жағдай жасайық. Тұрғындар ақша салып, пәтер сатып алып, жалға бере алатындай жеке жалға беру қорын құрайық. Оның ішінде мемлекет те жалға берілетін тұрғын үйлерді пайдаланады. Мысалы 100 мың пәтер салдық дейік. Бұл жылжымайтын мүліктен түсетін тұрақты табыс және оған бәрі: журналистер де, мұғалімдер де, мемлекеттік қызметкерлер де қатыса алады. Ал қорды басқару ай сайын немесе тоқсан сайын қосымша табыспен қамтамасыз етер еді"
Қазір бірнеше баспанасын жалға беріп отырған адамдар жалға алушыларды іздейді. Қарым-қатынас барлық жағдайда құқықтық салада жасала бермейді, шарттарға келіседі. Сосын жалға алушылардан кейін үй иесінде проблемалар пайда болады - оны қайтадан жөндеу керек болады. Осының бәріне бас ауыртпау үшін бір қорға біріккен жөн дейді Өскенбаев мырза.
ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ – ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ "Сіз жалға беру керек, одан кейін жөндеу жүргізу кере кдеп бас қатырмайсыз. Мұны басқалар жасайды. Сіздің ақшаңыз 100 пайыз жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген. Біз пайда шамамен тоғыз пайыз болады деп есептедік. Бұл тартымды ұсыныс па, жоқ па - көреміз. Егер инвестиция болса, онда тартымды. Егер болмаса, онда жүйе жұмыс істемейді»
Министр Қайырбек Өскенбаев бұл әзірге бастама, идея әлі мемлекеттік органдармен келісілмеген дейді. Ал Ұлттық банктің мәліметінше, Ресейде жарияланған ішінара мобилизациядан кейін көрші елден халықтың ағылуы аясында баспананы жалдау ақысы бойынша соңғы екі айда баға айтарлықтай өсті. Бұл инфляцияның өсуіне әсер етті. Жылдық мәнде инфляция 17,7%-ке жетті.