Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПАРЛАМЕНТКЕ ҚАЗЫНАДАН 6,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

c 17:46, 02/02/2023 c 153

0:00 / 0:00

Парламенттің қос палатасы-Сенат пен Мәжілісті ұстауға ағымдағы жылы 6,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл жайында Үкімет басшысының орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенат дәлізінде тілшілерге берген сұқбатында айтты. Оның ішіне жалақы, іссапарға баратын қаражат, іссапардағы күніне төленетін ақша, ұшақ билетінің құны кіреді.

Қос палаталы парламентті ұстап тұру үшін қазынадан жылда миллиардтар бөлінеді. Сенатта 50 депутат болса, Мәжілісте бұған дейні 107 депутта болды, Енді сайлаудан соң 98 мәжілісмен келеді. Бұған қоса аппарат құрамы бар. Сенат пен Мәжілістің ғимаратын сынын кетірмей ұстап тұру да қомақты қаржыны талап етеді. Биылғы жылы қос палаталы Парламентке 6,5 миллиард теңге бөлінді дейді қаржы министрі.

Бас қаржыгердің сөзіне сенсек, бұл қаражатқа Сенат пен мәжіліс аппаратына қажетті сома да кіреді.

Сондай-ақ тілшілер Жамаубаевтан саяси партияларды бюджеттен қаржыландыру қалай жүзеге асырылатынын сұрады. Оның айтуынша, 2023 жылғы бюджетте Қаржы министрлігі 173 млрд теңге бөлген. Оның 11,8 млрд теңгесі – саяси партияларды қаржыландыруға бағытталған. Бұл қаржыға алдағы сайлаудан соң Парламентке өткен партиялар ғана қол жеткізе алады. Министр 2022 жылғы мәліметті ұсынды. Онда жалпы сомасы 8,5 млрд теңге шамасында партияларға қаржы бөлінсе, басым бөлігі AMANAT партиясына бөлінсе, 1 млрд теңгесі– «Ақ Жол»-ға , 800 млн теңгесі «Қазақстан Халық партиясына» бұйырған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.