Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ТӨНГЕН ҚАУІП»

c 08:50, 17/07/2023 c 95

0:00 / 0:00

Қазақстан су тапшылығының мәселесін шешу үшін өңірлік су-энергетикалық консорциум құруды ұсынды. Бұл жайында Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты. Астанада өткен айтулы форумға Азия елдерінен келген 60-тан астам сарапшы қатысты. Жиын барысында сарапшылар Орталық Азияға төніп отырған қауіп жайында айтты. Олар - су тапшылығы, қоршаған орта, шекара дауы және Ауғанстандағы жағдай.

Сарапшылардың айтуынша, аймақтық тұтастық, шекара қауіпсіздігі басты мәселе. Себебі, әлемдегі геосаяси ахуал ушығып тұрғанда қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінде бірінші тұр. Ресей-украина қақтығысы, тәліптер Ауғанстанды басып алып жатқанда, Орталық Азяидағы қауіпсіздік мәселесі алаңдатарлықтай. «Аль-Каида», Өзбекстанның Исламдық қозғалысы, «Хизб ут-Тахрир», Шығыс Түркістанның Исламдық қозғалысы сияқты жаһандық террористік ұйымдар Ауғанстанды паналауда. Азияға төніп отырған тағы бәр мәселе-су тапшылығы сезіліп жатыр. Форум барысында Қазақстан жағы су тапшылығының мәселесін шешу үшін өңірлік су-энергетикалық консорциум құруды ұсынды.

МҰРАТ НҰРТІЛЕУ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ «Мен Орталық Азияның болашақ дамуы үшін мұқият назар аударуды қажет ететін бірнеше нақты мәселені атап өткім келеді. Олар - су тапшылығы, қоршаған орта, шекара дауы және Ауғанстандағы жағдай. Халықтың өсуі мен су ресурстарының жетіспеушілігі кезінде су ресурстарын әділ және ұтымды бөлу басты мәселеге айналды. Осы себепті Қазақстан өңірлік су-энергетикалық консорциум құруды ұсынады. Сонымен қатар біздің еліміз 1990-шы жылдардың басында Орталық Азиядағы серіктестерімізбен бірге құрған Халықаралық Аралды құтқару қорлары арқылы Аралды қалпына келтірумен айналысып келеді»

Министр Мұрат Нұртілеу Қазақстан трансшекаралық өзендерге қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша Ресей, Қытай, Ауғанстан сияқты мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын да атап өтті. Сарапшылар Азия әлемдік экономиканың саяси ортылығына айналғанын жарыса айтты. 21 ғасыр-Азия ғасыры. Әлем халықтарының 60 пайызағ жуығы Азяи елдерінде тұрады. Жаңа технологиялық, инновациялық ортаға айналуда.

Ішкі факторлар төніп тұрған қаупітің негізі болатын назарға алсақ, ол қайдан туындап жатыр деген сұрақ туады. Билікке таласу, қоғамдағы саяси көзқарастың келіспеушілігі, экстремистік діни күштердің әсері, аймақаралық дау тізе берсек мұның бәрі себеп. Өкінішке оарй, сыртқы фактордан келетін қауіп те бар дейді сарапшылар.

НАРУШИГЕ МИЧИШИТА ЖАПОНИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ САЯСИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ « Қытай сіздің елге ауқымды инвестиция құйып жатыр. Бұған шығыс елдері қолжеткізе алмай отыр. Жапондар қорғаныс саласының бюджетін 60 пайызға өсіріп отырмыз »

Алайда, халықтың көңілі толмайтын мәселе көп. Ең бастысы проблема- кедейшілік, жұмыссыздық, әлеуметтік етңсіздік, жемқорлық болып отыр. Бұл Орталық Азия елдерінің ортақ проблемасы. Азяидағы бірқатар елдің экономикасы артта қалып, халқы кедей болып саналыд. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйенсек, Өзбекстан, қырғызстан және Тәжікстан елдерінде табыс көзі төменгі және орта деңгейде. Кедейлер көп. Табиғи байлықтың үстінед отырып, халықтың әл-ауқатын көтере аламй отырған елдер де бар. Халықаралық сарапшылар бұл орайда, Қазақстанға мұнайға тәуелділіктен арылуға кеңес береді.

АШОК САДЖАНХАР ҮНДІСТАН ЖАҺАНДЫҚ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Сіздерде бар байлықты қолдану үшін Мұнай өңдеу зауытарын қайта жөндеуден өткізу керек. Қаржы құйып, жаңа технологияны енгізу қажет. Соның ішінде Айти технология»

Қазақстаның жерасты байлығы ел игілігіне жұмсалса, халқы оның берекесін көрер еді. Аладйа, ел байлығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай 162 ең бай адамның қолында. Халықтың жартысы айына 110 доллар табыс табады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.