Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨРТ ОШАҚТАРЫ ОҚШАУЛАНДЫ

c 18:56, 15/06/2023 c 143

0:00 / 0:00

Абай облысындағы орман өрті ауыздықталды. Төтенше жағдайлар министрлігі 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын хабарлады.

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев өртті толық сөндіру төрт-бес күнге дейін созылуы мүмкін-деді. Сондай-ақ, генерал-майор төтенше жағдайларда 60-70 жылғы техниканы қолданып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен ол әлі 470 техника жетіспейді. Ең тозығы жеткен техникаға 20 жыл толған дейді.
15 адамның өмірін қиған Семей орманындағы алапат өрт оқшауланды. Бірақ толық сөнген жоқ. Бүгінде 60 мың гектар орман алқабы жанып кетті. Төтеншеліктердің айтуынша, алдағы төрт-бес күнде өрт толық сөндіріледі.

Орман өрттері өрт сөндірушілердің техникалық тұрғыда қаншалықты жабдықталғанын көрсетіп жатыр. Осының алдында Мәжіліс депутаттары Абай облысына барып, төтеншеліктердің пайдаланып жатқан техникасын көріп жағаларын ұстап келгенді. 60-70 жылғы көліктермен жүр деген еді. Алайда, вице-министр Күлшімбаев мәжілісмендердің бұл ақпаратын жоққа шығарды. Саланың техникамен жабдықталуы 80 пайызды құрайды. Дегенмен әлі 470 техника жетіспейді. Ең тозығы жеткен техникаға 20 жыл толған деді.

Вице-министрдің айтуынша, төтенше жағдайлар министрлігінде су ағызатын құрылғымен жабдықталған 33 тікұшақ бар. Бірақ оның тек 16-сы ғана өртті сөндіруге арналған. Қалғандары іздеу, барлау жұмыстары үшін қолданылады. Алайда, біздің елде өрт сөндіруге қолданатын ұшақ жоқ екен. Генерал-майор оның бәрі қаржыға келіп тіреледі дейді. 2027 жылға дейін жаңа техника сатып алу үшін 605 миллиард теңге қарастырылған. Оның 537 миллиард теңгесі Төтенше жағдайлар министрілігне бөлінген. Ал дер кезінде ауыздықталмаған Семей орманындағы өрт үшін, онда қаза тапқандар үшін Төтенше жағдайлар министрлігі жауапкершілігін сезіне ме?

Сенаторлар да төтенше жағдаймен күрес жұмысы, орман өрттерінің жылда қайталануы жүйедеге жұмыстың тиімсіз жүргізіліп жатқаны да есептейді.

Сенат төрағасы айтқандай Семей орманының өртінен 15 адам қаза болды. Алайда, Бас прокуратура соңғы табылған орман шаруашылығы қызметкері Сергей Архиповті осы тізіміге крімейді деп мәлімдегенді. Алайда, премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, марқұм тракторшының отбасы мемлекет көмегінсіз қалмайды. Отбасы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді міндетті түрде алады. Өрт сөнідруге қатысқан-қатыспағанына қарамастан бұл қаражат төленеді-деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.