Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САҚТАЛМАЙДЫ

c 20:04, 22/04/2022 c 620

0:00 / 0:00

Төтенше жағдайлар минситрлігі қабылдап жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері көктемгі орман өртінің 42 оқиғасы тіркелді. Өрттің жалпы ауданы 668 гектарды құрады. Бұл жайында ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов журналистермен өткен брифингте айтты. Дала өртіне келсек, астық егушілер тарапынна өрт қауіпсіздігін қамту шаралары қамтылмайды дейді ол.
Өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бері көктемгі орман өртінің 42 оқиғасы тіркеліп отыр. 688 гектар аумақты құрайтын өрт орын алды. Тілсіз жаудың тұрғын үй алқаптарына ауысуымен елді мекендер аумағындағы құрғақ шөп өрттері ерекше алаңдаушылық туғызып жатқанын айтады төтеншеліктер. Сәуір айының ортасында Петропавл қаласының маңында құрғақ шөптің жануы нәтижесінде екі жүзден астам саяжай құрылыстары жойылды. Ал Солтүстік Қазақстан облысында ашық аумақтағы қамыстың жану нәтижесінде және айыппұл тұрағына өту кезінде 6 автокөлік жойылып, 4 көлік зақымданды. Павлодар облысында саяжай қоғамы аумағында өрт салдарынан бір адам қаза тапты, өрттен үш жүзден астам саяжай учаскелері зардап шекті. Бұл осы айда ғана орын алған жағдай. Өрт сөндірушілердің айтуныша, көп жағдай дала өртін ауыздықтауға қаупісіздік шараларынң сақталмауы себеп болып жатады. Мысалы, диқандар егістік алқапта өртті ауыздықтауға мүмкіндік беретін қарапайым талаптарды орындамайды.

Сондай-ақ, Дербісовтің айтуынша, орман және дала өрттерінің басым бөлігі шалғай аумақтарда пайда болады, мұнда 100 км-ден астам радиуста өрт сөндіру бөлімшелері жоқ. Төтеншеліктер солтүстік өңірде орташа температура 30 градусты құраса, ал оңтүстік елді мекендерде 40 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан өрт қаупі сақталып отыр. Бұл құрғақ шөптің жануы мен дала өртінің көбеюіне әкеп соғады дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.