Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық ұстаздар Финляндияда оқиды

c 13:15, 07/11/2018 c 768

0:00 / 0:00

Сала мамандарының айтуынша техникалық-кәсіптік білім беру жүйесінде BIM-технологиясын енгізу жобасы үш кезеңмен жүргізілуде. Қыркүйек айында Фин елінің «Collaprime» компаниясының сарапшы мамандары келіп, колледжде BIM-технологиясын енгізу жобасының маңыздылығы және қай бағытта қолданылатынындығы жөнінде түсіндірме семинар өткізген. Жобаның екінші кезеңінде финдік сарапшылар өз елдерінде отырып, колледждің 12 мұғалімін онлайн вебинар бойынша оқытуда.

СЕРІК МҰХАМБЕТӘЛИЕВ,ОРАЛ ГАЗ, МҰНАЙ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ТЕХНЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: -  Бұл жобаның негізгі мақсаты «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында айтылғандай, 3D жобасын енгізу. 3D жобасы құрылыс, мұнай-газ саласында жобалау істерін тиімді бағытта жүргізеді. Жобаның үшінші кезеңі бойынша қараша айының 11-нен бастап колледждің алты ұстазы Финляндия еліне барып, сол жерден тәжірибеден өтетін болады. Әрқайсына бір сарапшы тағайындалып, 3D жобасының сол елде қалай қолданылатыны бойынша жұмыстанады, бір жобаны қорғайды.

Елге келген соң, алған білімдерін оқу үрдісінде пайдаланатын болады. Облыс әкімдігінің қолдауымен бюджеттен 133 млн. теңге қаражат бөлінген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.