0:00 / 0:00
Алдағы жылдары қазақстандық оқушылар мектепке кітап толы ауыр сөмке тасымайды. Балалар мектепке кітапсыз барып, планшетпен оқиды. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын таныстырды. Министрдің айтуынша, ұлттық жобаға 2,2 трлн теңге жұмсалады. Қазақстандықтарға 5 минуттың ішінде мемлекеттік қызмет түрлерін алуға мүмкіндік жасалмақ. Ғылым, білім, медицина толық цифрланады дейді Мусин.
Цифрлы Қазақстанды құру үшін қазынадан 2,2 трлн теңге жұмсалмақ. 5 минут ішінде көрсетілетін қызметтер бағытын іске асыру үшін цифрлық реинженирингі жүргізіледі дейді министр Мусин. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті форматына көшуге мүмкіндік туады. Жеке қатысуды талап етпейтін қызметтер баламасыз түрде, яғни цифрлы форматта ғана көрсетіледі болады. Яғни қазақстандықтар қандай да бір қызмет түрін алу үшін, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып жүрмейді. Қолындағы смартфонмен-ақ, бар шаруаны шеше алатын жағдай жасалмақ. Цифрлық даму министрі медицина мен білім беру жүйесін толық цифрланады. Алдағы бес жылда медицина мен білім беру жүйелерінде ауылдық жерлерде қызмет сапасын арттыруымыз қажет. Ол үшін білікті мұғалімдер мен мамандар қажет - дейді.
Мусиннің айтуынша, енді қазақстандық оқушылар мектепке кітап толы ауыр сөмке тасымайтын болады.
РІ
Осылайша алдағы 5 жыл ішінде елімізде бірқатар сала толық цифрландырылады.Ендігі бірнеше өңірде пилоттық жобалар іске асырылып жатыр. Мысалы, жасанды интеллект арқылы адамның өкпе ауруларын және басқа да іш құрылыс ауру түрлерін анықтау мақсатында пациент рентген аппаратына жіберіледі. Рентгеннен шыққан кесіндіні жасанды интеллект өзі сараптама жасап, өзі де сол адамға кеңес бере алады. Алдағы уақытта осындай технологияларды енгізуді жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті министр. Осыған дейін Бағдат Мусин электронды мемлекеттік қызмет түрлерін 1788-ге жеткізу мақсаты барын айтқанды. Қазір 690 мемлекеттік қызмет түрі цифрланған.