0:00 / 0:00
Қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі күн сайын артуда. Тапқан табысы тамағынан аспай жатқандықтан, қара халық тұрмыстық қажеттілігін несиеге алады. Тіпті азық-түлікті несиеге сатып алып жатқандар да бар. Бұл үлкен проблема. Ұлттық банктің мәліметінше, 1 жылдың ішінде тұтыну кредиттерінің көлемі 28%-ға өсті.Елдің экономикалық белсенді тұрғындарының 80 пайыздан астамының несиелері бар. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 20% ғана құрайды. Бір жарым миллион адамның несиелері бойынша мерзімі 90 немесе одан да көп күн өткен. Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдардың құлдық жағдайы халықты қарыз батыруда. Микроқаржы ұйымдарының қызметі мемлекет тарапынан реттелмейді, ал пайыздық мөлшерлемелер тым жоғары. Соның салдарынан азаматтар коллекторлардың, сот орындаушыларының жұмысына тап болып, банкроттық рәсімінен өтуге мәжбүр, - дейді депутат Құспеков.
«Respublica» партиясы фракциясының депутаттары жеке тұлғаларға арналған лизингті Қазақстан азаматтары үшін неғұрлым заманауи қаржылық өнім ретінде енгізуді ұсынды. Тұтынушылық лизинг дамыған елдерде кеңінен қолданылады, - дейді мәжілісмен. Егер банктер алдында қарызға батқандардың әмселесін осы жолмен шешсек Қазақстан нарығында бұрын болмаған экономикалық қызметтің жаңа түрін құру материалдық игіліктерге қол жеткізуге және қаржылық сауаттылықты арттыруға ықпал етер еді дейді Құспеков. Сондай-ақ банктік несиеге арзан баламаға көшу есебінен халық арасындағы қарыз деңгейін төмендетер еді. Еліміздің бас банкирі депутаттың бұл ұсынысына қатысты өз уәжін айтты.
ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ «Тұтынушылық несие өмірімздің бір бөлігіне айналды. Қажетімізді бөліп төлеу арқылы да алып жатамыз. Жұмыс істеп жүрген азаматтардың тұтынушылық несие алуы үлкен проблема емес. Ал тұрақты табысы жоқтарға мұндай қарызды алмағаны жөн. Оны өтеуі қиындайды. Қаржылық сауаттылық керек. Банктердің тұтынушылық несие алуға үгіттеуін шектеу керек. біз банктерге тұтынушылық несие беруден, экономикаға қарыз беруге бет тұруға кеңес береміз»
Сондай-ақ, Ұлттық банк базалық ставканы 16,5%-тен 16%-ке дейін төмендеттік деп сүйнші сұрады.Ұлттық банк басшылығы инфляцияның белсенді баяулауы базалық мөлшерлемені төмендетуге септігін тигізді дейді. Дегенмен сыртқы секторда және экономика ішінде проинфляциялық тәуекелдер болуына байланысты биыл оны одан әрі төмендету мүмкіндігі айтарлықтай шектеліп отыр.