Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«НЕСИЕ РАҚЫМШЫЛЫҒЫ ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ»

c 18:45, 16/12/2021 c 1504

0:00 / 0:00

Несие рақымшылығы қарастырылып жатқан жоқ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістің дәлізінде журналситер сұрағына осылай деп жауап берді. Өткен аптада «Ақжол» партиясының депутаттары табысынан айырылып, қаржылық қиындыққа тап болып, несиесін өтей алмай жатқан қазақстандықтарға рақымшылық жасауды ұсынғанды. Несиеге рақымшылық жасауды талап еткен бір топ адам Алматыда Қаржы нарығын реттеу агенттігінің алдына жиналған болатын. Агенттік басшысы халықтың бұл талабын орындау мүмкін емес деп отыр.

Падендемия салдары қазақстандықтардың табысына кері әсер етуде. Себебі, қымбатшылық күйдіріп барады. Азық-түліктен бастап, киім-кешек, қызмет көрсету саласы не керек бәрі өсті. Тек айлық ғана өспей тұр. Депутаттар Үкіметке Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, проблемалы несиелерге рақымшылық жасау туралы ұсыныс жасаған еді. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып, кейін қаржы нарығын реттеу агенттігінің алдында бір топ адам жиналып, несиелерін кешіруді талап еткенді. Тіпті әлеуметтік желілердегі несиелік рақымшылық туралы фейк хабарламалар тарап кетті. Агенттік төрайымының айтуынша, видео таралғаннан кейін үш күн ішінде агенттікке 18 мыңға жуық өтініш түскен. Алайда Әбілқасымова несиеге рақымшылық жасау мәселесі қарастырылып жатқан жоқ дейді.

Әбілқасымова кредиттік рақымшылық мәселесі тек мемлекеттік ақша есебінен, салық төлеушілердің есебінен шешілуі мүмкін екенін айтады. Ал неге үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауға асықпай отыр?

Проблемалы несиелерді кешіруге қатысты мәжілісмендердің пікірі екіге жарылды.

Статистикаға көз жүгіртсек, қазақстандықтардың 27%-і – банк алдында борышкер. Ипотекалық несие бойынша берешегі 2,716 триллион теңгеге жеткен. Оның ішінде тұтынушылық мақсаттарға алынған несие – 5,19 триллион теңге болса, мерзімі өткен, проблемалы берешек 199 миллиард теңгені құрап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.