Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НЕСИЕ БЕРУ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

c 09:21, 24/02/2023 c 124

0:00 / 0:00

Қазақстанда несие беру талаптары күшейтілуі мүмкін. Себебі, екінші деңгейлі банктер тарапынан оңды-солды беріліп жатқан кредитті халық дер кезінде өтей алмай, қарызға батып жатыр. Елімізде қарызын өтей алма жатқан 1 миллионнан астам адам бар. Бұл азаматтар жалпы сомасы 1 триллион теңге банк алындағы берешекке батып отыр. Жақында қабылданған «Банкроттық» туралы заң аясында олар өзін «банкроттық» деп жариялай алады. Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы тұтынушылық кредит беру талаптарын күшейту қажет деген ұсынысын алға тартты.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде 1 млн 180 мың адамның банк алдында өтей алмай жатқан қарызы бар. Олардың қарыз сомасы 1 трлн 100 млрд теңгеге жетті. Жақында қабылданған банкроттық туралы заң аясында бұл азаматтар өзін банкрот деп жариялай алады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, ағымдағы жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш беру басталады. Ол арнайы құрылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Министрлік борышкерлер көп тіркелген өңірлерге қызметкерлерімізді бағыттаймыз деп отыр. Сенаторлар болса, екінші деңгейлі банктердің оңды-солды несие беруіне шектеу қойылуы керек деп санайды. Палата төрағасы тұтынушылық кредит беру талаптарын күшейту туралы ұсыныс жасады.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Өкінішке орай тұтынушылық кредит алушылар саны өсіп жатыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 25 пайызға артқан. 7,7 трлн теңге тұтынушылық несие берілген. Бізге заңнамалық тұрғыдан тұтынушылық несие беру талаптарын күшейту керек шығар. Банктер қарыз алушылардың мүмкіндігін әбден тексеруі керек»

Вице-министр бұл ұсынысты қолдап отыр.

Ал банкроттық туралы заңның аясында алынатын сома жеке тұлғаның табысы деп саналмайды және салық төленбейді. Бұл орайда жергілікті бюджетке аталған тұлғалардың 100 пайыздық айналымы кезінде 3 жылда 100 млрд теңге табыс түспей қалуы мүмкін.

Әрине банк алдында қарызы бар адамдардың барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін. Дегенмен, вице-минситр банкроттыққа өтініш бермес бұрын оның салдарын ойлаған жөн дейді. Себебі банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп тануға жатпайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.