Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НЕГЕ ДЕПУТАТТАР ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЗ АҚШАСЫНА ҮЙРЕНБЕЙДІ?

c 05:47, 02/04/2022 c 598

0:00 / 0:00

Неше күннен бері қазақстандық баспасөз бетінде депутаттарға мемлекеттік тілді үйренуі үшін бюджеттен 27 млн теңге бөлінді деген ақпарат тарауда. Бұл мәселе әлеуметтік желіде де қызу талқыланып, қазақ тілін білмесе қалай депутаттыққа сайланды, тілді үйренгісі келсе өз қалтасынан төлеп оқысын деген сыни пікірлер айтылуда. Бұл сұрақты депутаттардың өзіне қойған едік.
Кейбір БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Парламенттің шаруашылық жұмыстарына жауапты «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік тіл бойынша тренингтер өткізу үшін 27 млн. теңге жұмсамақ. Мемлекеттік сатып алу порталынының дерегінше, мекеме 11 ақпан күні «Парасат» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасасқан. Тендер «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы өтіп, оны «Парасат» ЖК ұтып алған. Осылайша тіл үйрету тренингі Парламент ғимаратында өтеді деп көрсетілген. Әрине мемлекеттік тілдің аясын кеңейту үшін арнайы бағдарлама қабылданып, қазақ тілін дамыту жұмыстары жүріп жатыр. Бір сөзбен айтқанды бұл мемлекеттік саясат. Алайда бұл мәселе әлеуметтік желіде де қызу талқыланып, қазақ тілін білмесе қалай депутаттыққа сайланды, тілді үйренгісі келсе өз қалтасынан төлеп оқысын, неге ол үшін қазынадан қаржы бөлінуі тиіс деген сыни пікірлер айтылуда. Бұл сұрақты депутаттардың өзіне қойған едік.

Жалақысы миллионға жуықтайтын депутаттардың қазақ тілін үйренуге келгенде, сараңдық танытуы сұрақ тудырады әрине. Өйткені олардың ішінде ағылшын тілін өз ақшасына оқып жатқандары бар екенін білеміз. Бұл орайда мәжілісмендердің пікірі екіге жарылды. Ерлан Саиров депутаттарға қазақ тілін үйренуі үшін қазынадан қаржы бөлуге қарсы.

Ал депутаттарға қазақ тілін үйретуді қамтамасыз етіп жатқан «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» өз «тыңдаушыларына» тіл үйрету үшін жылда қаржы бөледі. Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа қарағанда, мекеме 2016 жылдан бері «тыңдаушыларына» тіл үйрету үшін 14 келісім-шарт жасасқан. Барлық тендер «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы өткен. Яғни, ашық конкурс өткізпеген,тек бір компаниямен келісімшарт жасасып отыр. Аталған «Парасат» ЖК 2016 жылдан бері осы мекемеден 285 млн теңге жуық қаржы алған деп жазады қазақстандық баспасөз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.