Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВТЫҢ СТАТУСЫ АТА ЗАҢНАН АЛЫНЫП ТАСТАЛАДЫ

c 19:30, 05/05/2022 c 1305

0:00 / 0:00

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың статусы Ата заңнан алынып тасталады. Конституциялық кеңес осындай шешім қабылдады. Осыған орай Парламенттің қос палатасы бүгін шұғыл түрде «Реферндум» туралы заң жобасын қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді. Ондағы басты өзгеріс - Конституциялық кеңес шешіміне байланысты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәртебесін өзгертуге де тыйым салатын референдум туралы заңдағы шектеу алынып тасталды.

Жаңа Қазақстанның Парламенті заң жобаларын шұғыл қабылдайтын болды. Кеше ғана Парламент мәжілісінде қаралып, референдум кезінде бюллетеньде белгі қою тәртібін өзгертіп, Сенатқа жолданған «Референдум» туралы заң жобасын бүгін таңертең сенат қарап, талқылап, өзгеріс енгізіп Мәжіліске кері қайтарса. Түс қайта төменгі палата сенат енгізген өзгерісті қолдап, заң жобасын қабылдап, Президенттің қол қоюына жолдады. Ондағы басты өзгеріс - Конституциялық кеңес шешіміне байланысты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәртебесін өзгертуге де тыйым салатын референдум туралы заңдағы шектеу алынып тасталды. Ал Конституциялық кеңес күні кеше Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың статусы Ата заңнан алып тастау туралы шешім шығарды. Яғни Конституцияда Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы деген норма болмайды дейді депутаттар.

Не керек Конституциялық кеңестің мүшелері Ата заңымызда Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін белгілеудің қажеті жоқ деген қорытындыға келіп, оны халықтың талқысына салмақ. Бұған қоса Тұңғыш президент туралы заң да күшін жояды. Елбасы деген титул болмайды. Нұрсұлтан Назарбаев басты заңда экс-президент ретінде ғана қалады. Оған әлеуметтік қолдау жасалады. Ал одан бөлек тұратын бала-шағасы, жақындары заңмен қорғалмайды.

Неге конституциялық кеңес бұл шешімін бұған дейін жарияламады? Неге әу баста Мәжіліс референдум туралы заң жобасын талқылағанда, құжатқа маңызды өзгеріс енгізу мәселесі бүгін қаралды? Бұл саяси ойын ба деген сұрақтар туындайды.

Ал референдум маусым айының бас кезінде өтуі мүмкін дейді депутаттар. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Президенттің референдум өткізу туралы Жарлығы шыққан күннен бір айдан үш ай аралығында өтеді деген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.