Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ТАҒЫ БІР МӘРТЕБЕСІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

c 10:14, 30/06/2023 c 121

0:00 / 0:00

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев қорына қамқоршылық кеңесінің төрағасы мәртебесінен айырылды. Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Оны іске асыру үшін бірқатар заңға, оның ішінде "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" және "Назарбаев Қорының" мәртебесі туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Енді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев қорына билігі жүрмейді. Сенат мақұлдаған білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына сәйкес, Назарбаевтың жоғарыда аталған ұйымдардың және қордың қамқоршылық кеңесіне төрағалық ете алмайды. Экс-президенттің бұл мәртебесі жойылды.

Осымен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев қолынан билік кеткен соң, бар мәртебеден айырылды. Бұған дейін «Елбасы мәртебесі туралы» Конституциялық заң күшін жойды. 30 жыл бойы «елбасы» деп табынып келгендер бұл сөзді ұмыта бастады. Нұрсұлтан Назарбаев елбасы түгілі, тұңғыш перзидент деген атаудан да айырылды. Құрметті сенатор да емес енді. Назарбаевтың отбасы мүшелері, туған-туыстарының да енді алшаң басып жүруіне шектеу қойылды. Оларға бұрынғыдай еш кепілдік жоқ. Экс-президенттің туыстарының заң алдында қандай да бір жауапкершілігі болса, тиісті жазаға тартылады. Тіпті Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағандар қылмыстық жауапқа тартылмайтын болғанын білесіздер. Бұған дейін оған тіл тигізгендер, 5 жылға сотталатын жаза болғанды. Назарбаев тек экс-президент туралы заңмен ғана қорғалады. Президент жалақысының 80 пайызы көлемінде зейнетақы алады, мемлекеттік күзетпен, көлікпен қамтылады. Президент резиденциясында тұра алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.