Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«НАЗАРБАЕВ САЯСАТҚА АРАЛАСАДЫ МА?»

c 18:56, 09/06/2022 c 750

0:00 / 0:00

Референдумнан соң Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер қабылданды. Енді Парламент Конституцияға сүйене отырып, тиісті заңнамаларға түзетулерін енгізеді. Соның бірі экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты барлық нормалар алынып тасталмақ. Журналистер Сенат төрағасына елдің саяси өміріне Назарбаев араласа ма? Бүгінгі билік бұрынғы президентпен ақылдаса ма?- деген сұрақтарды қойған еді. Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі саясатқа араласпайтынын және онымен ақылдаспайтынын айтты.

Конституцияға енгізілген өзгерістердің бастысы – экс - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі, оған берілген артықшылықтар алынып тасталады. Осылайша Назарбаевқа экс-президент ретінде әлеуметтік төлемдер жасалып, күзет қызметі беріледі. Биліктегі жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылмайды. Ал бүгініг билік, бұырнғы Президент Назарбаевтың кеңесіне сүйеніп, онымен елдегі саяси өзгерістерге қатысты ақылдаса ма?

Президенттің,әкімдердің саяси партияларда мүшелікте болуына шектеу қойылады.Енді Қазақстан билігі суперпрезиденттіктен ықпалды Парламентке ауысады. Мәжіліске бір мандатты депутаттар келеді. Парламентте 70 пайызы саяси партия депутаттары болса, 30 пайызы можаритарлық болады. Конституциялық сот болады. Сенат депутаттарының саны қысқарады. Сенаттың жұмысы өңірлік мәселелерді шешуге бағытталады. Қазақстандықтар күткендей референдумнан соң не өзгереді? Қоғамда бұл саяси науқан Президенттік сайлау өткізудің алдындағы дайындық деген пікір айтылуда. Алайда, Сенат төрағасы қазір сайлау өткізетін уақыт емес екенін айтады. Алда атқаратын жұмыс көп дейді спикер.

Ал Ата заңға енгізілген өзгерістердің өміршеңдігін көру үшін жаңа Парламент келуі керек. Қоғамда алдағы күзде Парламент Мәжіліс таратылып, парламенттік сайлау да болуы мүмкін деген пікір кең тарап жатыр. Алайда, әділет вице-министрі Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымы өз жұмысын соңына дейін атқаратынын айтты. Яғни қазіргі мәжіліс 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін өз қызметін жалғастыра бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.