0:00 / 0:00
Тұңғыш Президент туралы Конституциялық заң Конституцияға түзетулер енгізілгеннен кейін күшін жояды. Бұл жайында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жалпы отырыстан соң, журналистердің сұрағына жауабында айтты. Аталмыш заң тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты және оның отбасын қорғайтын құжат. Назарбаевты ұстауға, қамаққа алуға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге, күзетпен ұстауға болмайды. Елбасы мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық жеке мүлікке тиісуге және шектеу қоюға болмайды. Енді Ата заңға өзгеріс енсе, бұл артықшылықтар болмайды. Айтпақшы Елбасы деген титул жойылады.
Енді Елбасы мен оның отбасын қорғайтын, оған артықшылықтар беретін Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылады. Айта кетейік, Тұңғыш Президент туралы заңға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевты ұстауға, қамаққа алуға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге, күзетпен ұстауға болмайды. Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне тиесілі барлық жеке мүлікке тиісуге және шектеу қоюға болмайды. Енді Конституцияға өзгеріс енсе, Назарбаев әулеті бұл артықшылықтардан айырылады. Дегенмен...
Алайда қоғам Ата заңда Назарбаевты мемлекеттің негізін қалаушы ретінде айқындауға қарсылық білдіріп отыр. Әлеуметтік желі бетінде қызу талқыға түскен бұл мәселеге қатысты пікір жазушылар, Конституциядан осы норманы алып тасатуды талап етуде. Бұл орайда Парламент халықтың пікрімен санаса ма, Конституцияға енгізілген өзгерістерді қабылдау үшін бүкілхалықтық референдум бола ма? деген сұрақтар туындайды.
Сондай-ақ, Конституцияда Назарбаев экс-президент ретінде айқындалып қала беремк. Бұл норма Ата заңда бүгінгі күні де бар. Оның өзі Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар артықшылықтарды беріп отыр.
Айтпақша енді, өзгерістер қабылданып жатса қазақстандықтардың санасына сіңіп кеткен «елбасы» деген титул да жойылады. Назарбаев экс-президент болып қала бермек. Еске сала кетейік, 2000 жылы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" конституциялық заң қабылданған болатын. Оған сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелері түгел қорғауға алынды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, дүние-мүлкіне тиісуге болмайды.
Тіпті Тұңғыш президенттің – Елбасының қорына және ол құрған өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де тиісуге болмайды. Сондай-ақ, конституциялық заң Назарбаев және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі банк шоттарының құпиялығына, оған қол сұқпауына кепілдік беріп отыр.