0:00 / 0:00
Енді «Nur Otan» партиясын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын болады. Бүгін өткен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев партияны ел басшысы басқаруы керек деген ойын айтып, Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Тоқаевқа тапсыруға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл жайында әлеуметтік желіде Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлап жатыр. Баспасөз хатшысының айтуынша, партия басшысының өкілеттігін тапсыру жұмысы партия жарғысы бойынша атқарылады. Партия жарғысына сәйкес,төрағаны сайлау және қызметінен босату мәселесі съезде қаралады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билік партиясы Nur Otan-ды 1999 жылы құрылғаннан бастап басқарып келді.
2019 жылы 19 наурызда өз еркімен ел басқару билігінен кетті. Сол кезде Назарбаев жоғары мемлекеттік лауазымнан кетсе де, Қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan партиясының төрағасы болып қалатынын мәлімдеген еді . Конституциялық кеңестің мүшесі бола береді. Сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясын басқарып қалғанды. Алайда, биыл Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметінен де кетіп, бұл орынды да Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген еді.