Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ НЕ АЙТАДЫ?

c 09:10, 22/11/2022 c 1189

0:00 / 0:00

Сайлау күні экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаев бой көрсетті. Оның сайлау учаскесіне барып өз таңдауын жасап, журналистерге берген сұхбаты кең тарады. Тілшілер Назарбаевтан қазір қамауда отырған Кәрім Мәсімов пен немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты ойын сұрады.

Өздеріңізге мәлім, жыл басындағы қаралы қаңтар трагедиясында елге опасыздық жасады деген айыппен ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов тұтқындалып, оған қатысты қозғалған қылмыстық іс қазір құпия түрде тергеліп жатыр. Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевтың билікте отырғанда сенімді серіктесі болды. Оны екі рет үкімет басшыс етіп тағайындап, кейін еліміздегі маңызды орган-ҰҚК төрағасы қылып тағайындады. Яғни елдің қауіпсіздігі Кәрім Мәсімовтің қолында болды. Бірақ қаңтар трагедиясы Мәсімов пен оның орынбасарларының басына бұлт үйірілді. Сайлауда дауыс беруге келген экс-президенттен журналистер өзінің адамы болған Мәсімовке қатысты ойын білген еді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – ЭКС-ПРЕЗИДЕНТ "Бұл мәселе маған да қызық. Мен де тергеу мен соттың аяқталуын күтемін. Мұның себебі неде және оның артында кім тұрғаны, өте қиын... Мәсімов менімен көп жылдар бойы жұмыс істеді, бірақ қайдан білесің? Иса Мәсих оның қасында отырған Яһуданың сатқын екенін білді ме? Біз құдай емеспіз. Сондықтан соттың аяқталуын күтеміз және сол кезде бәріміз ақиқатын білеміз деп ойлаймын".

Осылайша Назарбаев көп жылдар бойы қасында жүрген сенімді адамының теріс әрекетін білмей қалғанын айтып ақталды. Ал қазір сотталып, қамауда отырған немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты не айтар екен?

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша алты жылға сотталды. Оның мүлкі тәркіленді. 12 миллиард теңге қазынаға қайтаратын болды. Назарбаевтың немере інісінің басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы тергеліп жатыр дейп хабарлағанды жемқорлықпен күрес агенттігі. Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлы 240 милииард теңгені ел бюджетіне қайтарды деген ақпарат шықты. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдегі құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын асыл тастары мен зергерлік бұйымдары елге қайтарылғанын хабарлағанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.