Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАШАҚОРЛАРДЫ АНЫҚТАУ СКРИНИНГІ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

c 09:35, 15/03/2023 c 186

0:00 / 0:00

Жоғары оқу орнына түсерде, жұмысқа кіретін кезде, әскерге барарда азаматтар нашақорлыққа скринингтен өтуі керек. Тіпті оқушылар арасында да скрининг жүргізілмек. Бүгінгі үкіметтің отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осындай ұсынысын алға тартты. Оның айтуынша, бүгінде студенттер арасында есірткі қолдану деректері анықталып жатыр, сондықтан алдағы уақытта скрининг жүйесін енгізу жоспарланған.

Еліміздің бас полицейі жастар арасындағы нашақұмарлықты анықтаудың бір жолын ұсынды. Марат Ахметжанов жоғары оқу орнына түсерде, жұмысқа кіретін кезде, әскерге барарда азаматтар нашақорлыққа скринингтен өтуі керек деп санайды. Министрдің айтуынша, скрининг жағдайды объектив бағалауға және есірткіге тәуелділерді, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Министр бүгінде сенімді есеп жоқ. Биоматериалдарды кәсіби сараптамадан өткізу қажет дейді. Негізі нашақорларды анықтау скринингін өткізу Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы. ІІМ оны қолдап отыр.

Ал скрининг кезінде нашақорлық анықталған жағдайда азамат жұмысқа тұра алмайды. Оқуға түсе алмайды, әсерге де бара алмайды. Ішкі істер министрі биоматериалдардан есірткіні анықтауда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік болмайды деп сендіреді. Барлық ақпарат балалардың ата-аналарына жіберіледі.

Өкінішке орай Қазақстанда синтетикалық препараттар кең таралған және бағасы да қолжетімді. Ахметжанов синтетикалық есірткінің бір дозасы 10 мың теңге тұрады. Олар интернет, ломбард арқылы таратылып отыр дейді. Ғылыми сараптама көрсеткендей, есірткі тұтыну ерте сатысында анықталса, 95 пайызын қалыпты жағдайға қайтаруға болады. Үшінші кезеңде нашақорлардың тек 15 пайызы ғана қалыпты өмірге орала алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.