Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАН ҚЫМБАТТАЙДЫ МА?

c 13:09, 24/08/2023 c 86

0:00 / 0:00

Биылғы жаздың ыстығы кейбір өңірлер үшін құрғақшылыққа әкеп соқты. Пауладар мен Жамбыл облыстары көп зардап шекті. Өңірлерде дәнді- дақыл алқаптары жойылғанына қарамастан, қазақстандықтар нансыз қалмайды деп сендіреді үкіметтегілер. Премьер-министр құрғақшылықтың салдарын жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Үкімет резервінен қаражат бөлінеді деп отыр.

Жайдары жаздың аптап ыстығы, жауын-шашын аз түскендіктен елде құрғақшылық орын алды. Кей өңірлерде егіс алқаптары зардап шегіп, диқандар тиісті деңгейде астық жинай алмай қалайын деп отыр. Тіпті биыл елде астық көлемі жылдағыдан аз болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 181 мың гектар немесе астық дақылдарының 1%-і жойылған. Жамбыл мен Пауладар облыстарындағы құрғақшылықтан егістік алқаптары қурап қалды. Қырғызстан жағынан судың аз келіп түсуіне байланысты Жамбыл облысында шамамен 7,8 мың гектар жер зардап шекті. Соның ішінде қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдың алаңы 1,2 мың гектарды құрап отыр.Бұл қант тапшылығына әкеп соқпасына кім кепіл? Үкімет отырысында мәлім болағандай, облыс әкімдіктерінің деректері бойынша дәнді дақылдар егісінің 45,1%-і жақсы, 46%-ы қанағаттанарлық, ал 7,5%-і нашар күйде. Мұның арты нан бағасының өсуіне әкеп соқпай ма?

Премьер-министр Әлихан Смайылов та құрғақшылыққа қарамастан қазақстандықтар нансыз қалмайды деп сендіреді. Ал құрғақшылықтың салдарын жою үшін үкімет резервінен ақша бөлеміз деп отыр.

Климаттың өзгеруі мен су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналып отыр. Сондықтан үкімет су ресурстарын тиімді пайдалануды күшейту бойынша Жол картасын әзірлемекші. Өңірлерде белсенді түрде су үнемдеу технологияларын енгізу қолға алынбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.