Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЫҢДАҒАН АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

c 08:15, 07/04/2022 c 400

0:00 / 0:00

Көктемнің әлегі -су тасқыны басталғаннан бері төрт облыста 185 тұрғын үйді су басып, құтқарушылар мыңнан астам азаматты эвакуациялады, бес облыста жолдарды су басты. Батыс Қазақстан, Ақтөбе,Павлодар, Қарағанды облыстарында 185 тұрғын және 78 саяжай үйді, 2 әлеуметтік нысанды еріген қар суы басты. Барлық 185 үйден, 2 әлеуметтік нысаннан және Ақтөбе облысындағы 63 саяжай үйден су сорып шығарылды. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы 15 саяжай үй бақылауда тұр.

Қытымыр қыстан әрең шыққанда, көктемнің әлегі-су тасқыны халықты әбіргерге салып жатыр. Ендігі төрт бірдей облыста су тасқыны болып, тұрғын үйлерді су басып, мал қырылып, үй-жайсыз қалған 1 165 адам эвуакуацияланды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе,Павлодар, Қарағанды облыстарында 185 тұрғын және 78 саяжай үйді, 2 әлеуметтік нысанды еріген қар суы басты.

ЮРИЙ ИЛЬИН –ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ «Батыс Қазақстан облысында төрт ауылда 140 үй суда қалды. Жалпы Батыс Қазақстан, Ақтөбе,Павлодар, Қарағанды облыстары бойынша мыңнан астам адам құтқарылып, эвакуациялық пунктерге орынластырылды. Кейбіреулері өз туғандарының үйіне жайғасты. Әзірге құтқару пунктеріндегі жағдайға қатысты азаматтардан шағым түскен жоқ»

Тек БҚО бойынша су астында қалған үйлерден 750 адам құтқарылса, соның 215 балалар болды. Әкімдік тасқын судың алдын алу жұмыстарына облыс резервінен 1,2 млрд теңге бөлінгенін, зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін хабарлағанды. Дегенмен, өңірде қазір су тасқынан зардап шеккендерге қаржылай және қажетті заттармен көмек берем деушілер үшін бірыңғай есеп-шот ашылған. Яғни қиын жағдайда халық өзін-өзі қолдап жатыр. Алайда, облыста қажет болса үкіметтің резервінде ТЖ барысына арналған қаржы тұрғанда, халықтан ақша жинауға қарсымын дейді министр Ильин.

ЮРИЙ ИЛЬИН –ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ «Халықтан қаражат жинауға мен қарсымын, қолдамаймын. Жергілікті орган қажетті резерв барын мәлімдеген болатын. Егер төтенше жағдайда көмек керек болып жатса, үкімет резервінен де қаржы бөлінеді. Ол үшін әкімдік өтініш білдіруі керек».

Айта кету керек, БҚО орын алған су тасқыны барысында, көрші Ресей жағы дамбаны ашып жіберген деген ақпарат та тараған болатын. Алайда, экология министрі мұны жоққа шығарды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы тәулікте батыс, шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі, күндізгі уақытта ауа температурасы да айтарлықтай көтеріледі. Осыған байланысты өзен бассейндерінде қарқынды қар еруі, еріген ағын қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.