0:00 / 0:00
Жаңаөзендік мұнайшылардың талабына қатысты әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. «ҚазМұнайГаз» басқармасының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев үкімет дәлізінде тілшілерге берген сұхбатында қазір келіссөз жүргізіп жатқан жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары үнемі өзгереді деді. Мырзағалиевтің айтуынша, жұмысшылардың "Өзенмұнайгазға" жұмысқа тұрғызу туралы талабын орындау мүмкін емес. Өйткені кезекте 9 мың адам тұр. Мұнайшыларға тендерде ұтқан компанияларға жұмысқа кіру ұсынылған, бірақ олар бұл ұсынысқа келіспей отыр. Ал үкіметте өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне арналған жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жастарының тек мұнай саласында жұмыс істегісі келетін дұрыс емес, жастар басқа да саланы меңгеруі керек деген ойын айтты.
Өткен аптада Астанаға келіп, жұмыс талап еткен жаңаөзендік мұнайшылардың мәселесі әзірге шешімін тапқан жоқ. Олар Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» компаниясынан жұмыс сұрады. Жалақыны өсіруді, жұмысшыларға әлеуметтік пакет беруді талап еткен еді. Бұлар «БерӘлі» Кейін оларды полицияның арнайы жасағы заңсыз митинг өткізді деп алып кетіп, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екінші күні мұнайшыларды өз еліне қайтарды. Тек 10 шақты адам құзырлы органдармен келіссөз жүргізуге қалған еді. Бұл келіссөзден әзірге нақты нәтиже жоқ. «ҚазМұнайГаз» басқармасының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жұмысшылардың "Өзенмұнайгазға" жұмысқа тұрғызу туралы талабын орындау мүмкін емес дейді. Себебі ол компанияға кезекте 9 мың адам тұр. Ал "Өзенмұнайгазға" кірудің белгілі бір алгоритмі бар. Ең алдымен, коммуналдық кәсіпорынға жұмысқа тұру керек, содан кейін ғана кәсіпорынға жұмысқа кіруге болады. Келіссөз барысында мұнайшыларға тендерде ұтқан компанияларға жұмысқа кіру ұсынылған. Сондай-ақ, келісімшарт мерзімін ұзартып отырмыз дейді ол.
Бірақ жаңаөзендік жұмысшылар бұл ұсынысқа келіспей отыр. Ал облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мұнайшылар қазір ұсынып жұмысқа келіседі деген сенімде.
Үкіметте өткен жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жастарының тек мұнай саласында жұмыс істемей, өзге де салаға бейімделгені жөн екенін айтты.