Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРЕДІ?

c 17:43, 31/10/2022 c 1087

0:00 / 0:00

Алдағы кезектен тыс Президент сайлауында мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді? Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобында мүгедектерге дауыс беру үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі қаралды. Еліміздегі сайлау учаскелерінің 92 пайызы пандустармен, 82,3 пайызы ғимаратқа кіре берістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілгені айтылды. Сайлау күні 253 учаскеге пандус, 525 учаскеге кіре берістегі тактильді белгі орнатылмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарды сайлау учаскесіне келіп дауыс беруі үшін арнайы инватакси тасымалдайтын болады. Ал зағип жандармен, есту қабілеті нашар, не мүлдем естімейтін мүгедектігі бар жандар үшін сайлау учаскелерінде сурдоаудармашылар, тифлосурдоаудармашылар жұмыс істейтін болады.

АНАСТАСИЯ ЩЕГОРЦОВА – ҚР ОСК МҮШЕСІ «Мүмкіндігі шектеулі жандар сурдоаудармашылар, тифлосурдоаудармашылармен қамтамасыз етілетін болады. Брайль қарпімен, ірі қаріпте, аудиоформатты, ым тілін қамтитын түрлі қолжетімді форматта жағдай жасалады. Бұл орайда «Зағип жандар» қазақ қоғамын сарапшыларының ұсынымы ескерілді».

Сайлау учаскелерінің дауыс беру алаңы бірінші қабатта болуы тиіс. Бұл мүгедектігі бар жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін жасалады. Егер жоғары қабаттарда болған жағдайда көтеру тетігі болуы қажет. Сондай-ақ автокөлік тұрағында мүгедектігі бар жандар үшін арнайы орындар ескерілуі керек. Депутаттардың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына жағдай жасауда әкімдіктер шаруаны аяғына дейін жеткізбей отыр. Көп жағдайда бұл шаруа қағаз жүзінде шешілгенімен, іс жүзінде жүзеге аспай жатады дейді мәжілісмен Омарбекова.

ЖАНАР ОМАРБЕКОВА –ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Неге адамдар бұл шикігілі үшін заңмен жауап беретінін түсінбейді. Еңбек министрілігіне үнемі айтамын, пандустар салумен ғана айналыспай, оның орындалуын қадағалау керек. Қажет болса сотқа беру керек»

Бүгінде Қазақстанда 600 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.