Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МОНОҚАЛАЛАРДА ЖҰМЫС ЖОҚ

c 00:12, 04/04 c 154

0:00 / 0:00

Елдегі моноқалалардың проблемалары бір. Халық жаппай көшіп жатыр, инфрақұрылым әбден тозған. Адамдардың сапалы өмір сүруіне жағдай жасалмаған. Білім және медицина салаларында да проблема жеткілікті. Шағын қалаларда тұрып жатқан халықтың сұрауы - қарапайым талап. Сапалы жол салу, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, интернетпен қамтамасыз ету. Бүгінгі Үкімет отырысында талқыланған мәселелердің бірі-моноқалаларды дамыту болды. Премьер-министрдің мәліметінше, өткен жылы Алтай, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Риддер, Степногорск қалаларын кешенді дамыту жоспарлары қабылданды. Алайда, жоспарланған іс-шаралардың 13%- орындалмай қалған. Бәрі қаржыға келіп тіреледі. Әкімдіктер қаржыны толық бөлмеген , әрі жоспары сапасыз болған. Бүгінде 20 моноқалада 1 млн 300 мың адам тұрады. Енді үкімет биылға моноқалаларды дамытуға 62,8 млрд теңге бөлмекші.

Бас экономистің айтуынша, экономиканың нақты секторын дамыту және инфрақұрылымдық мәселелерін жүйелі шешу мақсатында жоғарыда аталған қалаларды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді. Осы қалалардағы өнеркәсіп объектілерін, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдық нысандарын салуға қаржы қарастырылған. Премьер-министр Олжас Бектеновті елдегі моноқалалардағы халық санының азайып бара жатқанына алаңдатады. Соңғы 20 жылда шағын қалалардағы тұрғындардың саны екі есеге азайған. Себебі, жұмыс жоқ, жалақы аз.

Сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарының әкімдіктері мен өнеркәсіп министрлігінің алдында, Саран қаласының үлгісі бойынша осы жылдың соңына дейін Хромтау, Сәтбаев, Балқаш және Құлсары моноқалаларында индустриялық аймақтар құру міндеті тұр. Үкімет басшысының айтуынша, Саран мен Текеліге моноқалалар тізімінен шығуға мүмкіндік туды. Бұл қалаларда өнеркәсіп өнімінің көлемі артып, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны екі есеге өскен. 20 жылдан астам жұмыссыз отырған адамдар жұмысқа кірген. Бұл – өзге моноқалаларға үлгі болуға лайық мысалдар, - дейді премьер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.