0:00 / 0:00
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы лауазымға тағайындалған кезінде Кипрде оқып жатқан балаларын елге қайтарамын, тіпті қажет болса дәлел ретінде фотосын жариялаймын деген уәдесін берген болатын. Алайда жаңа оқу жылы басталғаннан бері министрге осы сұрақты қойып жүрген журналистер одан жауап ала алмаған еді. Шум. Кейін әлеуметтік желі бетінде министр Саясат Нұрбекке журналистер тарапынан жеке өміріне қатысты сұрақ қойылып, қысым жасалды деген блогерлердің жазбалары шыға бастады. Желі бетінде министрді жақтағандар да даттағандар да болды. Жоғары білім министрі блогерлерді жалдап, солардың көмегімен өзін қорғап жатыр деген пікірлер де жазылды. Бұл сұрақты Саясат Нұрбектің өзіне қойған едік.
Министр Нұрбек бұл жолы да балаларына қатысты сұрақтан қашып құтыла алмады. Еске сала кетейік шенеуніктің жалақысы қазақстандықтардың салығынан төленеді. Министр осы мәселеге нүкте қоятын кез келді деп, ағынан жарылды.
САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ "Иә, мен уәде бергенмін. Олар төрт жылдан бері шетелде оқып жүр. Солтүстік Кипрде жеке меншік британдық мектепте білім алады. Біздегі жеке меншік мектептермен салыстырғанда арзан. Біз балалармен сөйлестік, олар есейген, шешім қабылдай алатын жаста. Шетелдік мектептер сол жағынан жақсы, өздігімен шешім қабылдауға үйретеді. Олар оқуды Кипрде жалғастыруды жөн көрді. Мен олардың шешімімен келістім"
Елімізде жоғары оқу орындарында оқу ақысы шарықтап кетті. Астана мен Алматыдағы мемлекеттік, ұлттық университеттердің өзінде оқу ақысы 1,5 млн теңгеге жетті. Министр болса бұл үрдісті демографиялық толқынмен байланыстырып отыр.
САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ «Елімізде екі жыл қатарынан рекордтық бала дүниеге келді. Бұл үлкен қысым жасап, алдағы 5-7 жылда мәселе туғызады. Биыл біз соңғы 30 жылда болмаған рекордтық грант бөлдік - 88 мың. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп. Бірақ гранттар санының жыл сайын артуы да өсіп келе жатқан халықтың жоғары білімге қол жеткізуіне әлі де мүмкіндік бермейді"