Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мерекелік құттықтау

c 19:38, 07/03/2019 c 821

0:00 / 0:00

БҚО Әкімі Алтай Көлгінов те бүгін батыстың батыл аналары мен қыздарын төл мерекелерімен құттықтады.Аяулы аналардың өмірі өнеге, көпке үлгі деген аймақ басшысы көп балалы аналарға жасалатын мемлекеттік қолдаулар туралы да айтты.

Көктемнің шуақты мерекесі жақындаған сайын құттықтаулар легі көбейері сөзсіз. Бүгін облыс әкімі Ақ жайық өңірінде еңбек етіп, көпке үлгі болып, қызметі бағаланып, көп баланы дүниеге әкелген аналармен кездесті. Жиында сөз алған облыс әкімі елімізде аналар үшін атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізіп, құттықтауын жеткізді.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтпақшы "Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлем тербейді". Кездесуге келген нәзік жандылардың басым көпшілігі ана атанып, отбасының ұйытқысы болып отыр. Мерекелік кеште сөз алған Ақжайықтың Ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгерейева барлық әйел затына ана бақытын, бала бақытын тілеп жүрек жарды пікірін ортаға салды.

Мерекелік шара барысында нәзік жандылар жергілікті өнерпаздармен бірге ән шырқады.

Көктемнің шуақты мерекесіне орай ұйымдастырылған шара соңында барлық меймандар естелік суретте түсіп, жиынды қорытындылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.