Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Менингиттің қатері

c 17:52, 05/06/2018 c 937

Батыс Қазақстан облысында менингит кеселіне қарсы тұрар вакцина жоқ. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы мәлімдеді. Биылғы жылы жұқпалы кесел өңірімізде тіркелген жоқ. Өткен 2017 жылы үш батыс қазақстандық менингит дертіне шалдығып, олардың баршасы тиісті қажетті ем-домдарын алып, дертінен айыққан.

Бірнеше күннің ішінде қазақстандықтардың баршасы менингиттің қатері туралы біліп, денсаулықтары үшін алаңдап отыр. Аталмыш дерт Алматы қаласында тіркелген болатын. Биылғы жылдың өзінде, еліміздің аумағында аталмыш кеселге шалдыққан 600-ге тарта азамат, медициналық мекемелердің көмегіне жүгінген.

Науқастардың 58-інде жұқпалы кесел анықталып, 13 адам қаза тапты. Медициналық қызметкерлер, облыс аумағында менингиттің алдын алу үшін қажетті шаралар қолға алдық деседі.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қабырғасына менингитке шалдықтық деп қала тұрғындары шағымданыпты. Бұл туралы аурухананың бас директоры Надия Ахметова мәлімдеді. Алайда, сараптама нәтижесіне сәйкес, 30 науқастың біреуінде бұл дерт расталмапты.  Дәрігерлер жұқпалы қатер орын алған жерде, көп мөлшерде су ішу керек,- дейді.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің премьер министрі Бақытжан Сағынтаев өңірлердегі әкімдерге жағдайды бақылауда ұстап, ауруханаларға тұрғындардың қол жетуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.