Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕНІ ҚОРҚЫТЫП ЖАТҚАНДАР БАР»

c 11:48, 29/05 c 47

0:00 / 0:00

Утильалымды жою туралы көптің талабына қатысты министр Шарлапаев өз ойын өзгертпейді. Петиция жариялаған белсенді топ олигархтар мен саяси элита утильалымнан пайда көріп отыр деп мәлімдеді. Өткен аптаның басында елордада бір топ белсенді петиция жариялап министр Шарлапаевтың отставкасын талап еткен болатын. Министрді әлеуметтік желіде қорқытып жатқандар бар көрінеді. Бірақ бұл шаруа тек заң аясында шешіледі деп отыр Өнеркәсіп министрі.

Сондай-ақ, үкімет үйіндегі брифинг барысында журналистре, «егер мемлекет басшысы утиль алымын алып тастау жөнінде шешім қабылдаса, сіз қарсы боласыз ба?»- деген сауал қойды. Шарлапаев «әрине, мен Президентке қарсы шықпаймын. Халықтың наразылығын жақсы түсінеміз, алайда қоғамның өзге өкілдерінің пікірін тыңдамаймыз ба? Қазір өнеркәсіпті қорғау мен сақтауды 10 мыңнан астам адам қолдап, петиция жаряилап жатыр. Олардың пікірін не істейміз? Менің ойымша, петиция механизмі нақты демократияның көрсеткішін көрсетіп отыр ғой», — деген жауап қатты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.