Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ҚОСЫМША ТАБЫС ТАБУҒА БОЛА МА?

c 10:03, 28/12/2021 c 2735

0:00 / 0:00

Мемлекеттік қзызметкерлерге қосымша табыс табуға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл жайында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихаты барысында айтты. Жайылғанованың айтуынша, тиісті заңнамаға мемлекеттік қызметшіге жұмыстан тыс уақытта қосымша табыс табуға рұқсат беретін норма енгізіледі. Агенттік осындай ұсыныспен шықпақшы.
Мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек? Тіпті, мемлекеттік қызметкердің әдептілік сақтауы, халықпен жұмыс істеуде ұстамды болуы, жемқорлыққа жол бермеуі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің назарында. Дегенмен, мемлекеттік қызметкерлер сыйбайлас жемқорлыққа көп тап болады. Лауазымын асыра пайдалану, пара алу деректері жиі кездеседі. Ал қол астындағы қызметкерінің жемқорлықпен қолға түскені үшін, жылы орнымен қоштасып жатқан бірінші басшылар некен-саяқ. Агенттіктің дерегінше, 2019 жылдан бері қызметкерінің жемқорлыққа барғаны үшін 264 мемлекеттік лауазымды қызметкер жазаланды. Осы жылдың 9 айында 9 саяси мемлекеттік қызметкер отставкаға кетуге өтініш білдірді. Оның тек үшеуі кетті, алтауының өтініші қабылданбады. Бес лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Неге мемлекеттік қызметкер пара алады? Бұл ашкөздік пе , әлде айлығы аз ба? Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік қызметте жүргендерге қосымша жұмыс істеуге болмайды. Заң талабы сондай. Енді агенттік мемлекеттік қызметкелерге қосымша табыс табуға рұқсат беретін норма енгізбек. Таксист болып қызмет етсе де, қосымша табысын өсіруге болады дейді агенттік төрағасы.

Сондай-ақ, өздеріңізге мәлім, елде мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту жүріп жатыр. Былтыр мемлекеттік қызметшілердің саны 25 пайызға дейін қысқарды. Есесіне әкімдер мен министрлердің жалақысы 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін өсті.

Осылайша, журналистердің мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту арқылы, бірінші басшылардың жалақысын өсіру жүріп жатқан жоқ па деген сұрағы расталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.