Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ОҢАЙ МА?

c 11:31, 23/08/2022 c 1344

0:00 / 0:00

Мемлекеттік қызметтің артықшылығы мен машақаты. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін таныс-тамыр керек пе? Бұл мәселе елордада өткен «Жаңа формация басшысы» саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына қатысты жиында айтылды.

Жоғары білім алып, белгілі бір мамандықты игеріп, дипломын қолына ұстап жұмыс іздеп жүрген жастар саны басым. Көбісі мемлекеттік қызметке орналасқысы келеді. Тұрақты жалақы, қызметі бойынша өсу, мемлекеттік бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізу деген сияқты артықшылықтары бар. Алайда жас маманға жұмысқа тұра салу оңай шаруа емес. Көп жерде тәжірибе талап етіледі. Мұндай жағдайда жүйеге айналған таныс-тамыр арқылы жұмысқа орналасу процесі басталады.

Мемлекеттің қызметтің кемшін тұстары да айтылады. Мемлекеттік қызметкер жемқорлыққа бейім, қағазбастылық, таңнан кешке дейін орындығын тоздырып, бітірген шаруасы шамалы. Кастюм-шалбар, ақ көйлегін киіп, галстугін таққан шенеунік халыққа жақын емес деген пікірілер де бар. Енді мемлекеттік қызметкерлерді «Жаңа формация басшысы» саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына қатыстырып, қабілеттілгін арттырып, өміршеңді идеяларын жүзеге асыру қолға алынбақ.

Жаңаша басқаруды, жаңаша жұмыс істеуді үйрететін даярлық курсынан өтіп жатқан экология вице-министрі Зүлфия Сүлейменова кабинетте отыра бермей, халықпен ұмыс істеуді үйренуіміз керек дейді.

Айта кету керек, бұл курс мемлекеттік қызметшілердің жалақысына әсер етпейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.