Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі

c 17:23, 15/11/2021 c 1007

0:00 / 0:00

Қалалық әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңке өтті. Жеті бөлімнің мамандары сұрақтарымен келген тұрғындарға жауап беріп, өтініштерін қабылдады. Жәрмеңке пандемия кезінде ұйымдастырылған алғашқы офлайн шара болды.

Пандемия кезінде мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша алғаш рет жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге 7 бөлімнің мамандары қатысты. Олар тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Қалалық әкімдік ұйымдастырған жәрмеңкеде арнайы құрылғы орнатылған. Оның көмегімен тұрғындар кез-келген сұрағына өзі жауап ала алады. Теч панельде Q-кодты суретке түсіріп, қалтадағы смартфонның көмегімен мемлекеттік қызмет алуға болады.

Әр түрлі мәселе бойынша кеңес алуға келген оралдықтар жаңа құрылғыға бағасын берді. Алайда мамандар жаңа құрылғының көмегіне жүгінетін жандардың саны аз екенін айтып қалды. Ал тұрғындар пандемия кезінде бұндай жаңашылдықтың іске қосылғанына риза.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша келесі жәрмеңке 16-қарашада онлайн форматта өтпек. Бұл жәрмеңкеде мемлекеттік кірістер саласының мамандары тұрғындардың сауалына жауап береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.