Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектептегі қауіпсіздікке кім жауапты?

c 17:17, 27/01/2020 c 870

0:00 / 0:00

2019 жыл Орал қаласында жасөспірімдерге қарсы 22 қылмыс жасалған. Қылмыстардың дені ұрлық, тонау және сексуалды сипатта болыпты. Бұл туралы полиция қызметкерлері мәлімдеп отыр. Сала мамандары 2018 жылы кәмелетке толмаған жандарға қатысты 35 іс тіркелгенін айтады. Тараз оқиғасынан кейін, құқық қорғау саласының қызметкерлері мектеп қарауылшылары мен күзетшілеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырды.

Өткен жылдың қарашасында болған Тараздағы оқиға көпшілікті алаңдатып, мектептегі қауіпсіздік күшейту күн тәртібіне енгізілді. Облыс әкімінің тапсырмасымен шаһарымыздағы №1 мектепте қарауыл мен білім ордаларының күзетшілеріне арналған семинар-тренинг өтті. Жиында сөз алған психолог мамандар қылмыскерлерді бір көргеннен-ақ жазбай тану мүмкін емес,- дейді.

Білім ордаларында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1300-ге жуық бейнебақылау құрылғысы орнатылған. Бұл камераларды мектептегі диреткор, қарауылшы мен күзетші қарап отырады. Негізінен оқу ордаларындағы қауіпсіздік мектеп инспекторларына жүктелген.

Жалпы орта мектептегі қарауылшы мен күзетші бала қауіпсіздігіне қаншалықты кепіл бола алады.Арнайы жүйелі күзет мекемесі күзетпесе бала өміріне қай кезде қауіп төнерін ешкім болжай алмайды.Полиция қызметкерлері білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті арнайы күзет мекемесіне тапсыру қажет,- дейді. Бұл жүйемен қазіргі таңда №35 лицей жұмыстанып жатыр. Ал, қалған мектептер әзірге қаражатқа қарап жалтақтап отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.