Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕКТЕПТЕГІ БУЛЛИНГТІ ЖОЮ КЕРЕК»

c 00:49, 06/10/2023 c 256

0:00 / 0:00

Жаңа оқу жылындағы мәліметке сүйенсек, елімізде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны 97 407 адамды құраса, жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің саны 393 791 ұстазды құрайды. Оның 80% астамы – әйелдер. Ұстаздық ету жолында білім ғана беріп қоймай, мектептегі оқушылардың қауіпсіздігі де қамтылуы басты мәселе. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлағатты ұстаздарды төл мерекесімен құттықтай келе, білім беру жүйесінде проблемаларға тоқталды. Соның ішінде бала қауіпсіздігі үлкен мәселе тудырып отыр.

Мемлекет басшысының атына зорлық-зомбылық көрген балалардың ата-аналарынан өтініштер келіп түсуде. Президент мұндай хаттарды оқу оңай емес. Жасөспірімдердің қылмыстық психологиясы мен кейбір мұғалімдердің немқұрайлығының құрбаны болған балалардың жай-күйі жүректі ауыртады деді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіне қылмыс жасағандарды заң жүзінде жазалау үшін осындай жағдайлардың бәрін айрықша бақылауға алуды тапсырғанын айтты. Ал Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруы тиіс деді. Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен де бұл орайда белсенді жұмыс істегені жөн. Президент қатаң шара қолданамыз", - деді. Оқушылар арасындағы әлімжеттік белең алып барады. Мұның соңы қайғылы жағдайға ұласып жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Тоқаев жаңа оқу жылының басында қоғамда дау тудырған мектептерде хиджаб кию мәселесін де көтерді. Ол Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін баса айтты.

Өздеріңізге мәлім Парламент депутаттары үкіметтен қоғамды алаңдатып отырған жат діни ағымдардың таралуына тиым салатын заң енгізуді талап етті. Соның ішінде беті басын тұмшалап киінуге, мектеп жасындағы оқушылардың хиджап киюіне де шектеу қою айтылғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.