Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ТАРАДЫ

c 11:09, 20/01/2023 c 172

0:00 / 0:00

Мәжіліс таратылып, сайлау наурыздың 19 күні өтетін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді. Айтулы жиынға Парламенттің қос палатасының төрағалары мен Үкімет басшысы қатысты. Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты. Ал жиыннан соң, көкпе ұзамай Ақорда Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісін таратып, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау туралы Жарлығын жариялады.

Осымен Парламент Мәжілісі тарайды деген қауесетке нүкте қойылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымын таратып, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау туралы Жарлығы шықты. Екі жыл мәжіліс депутаты мандатын арқалап келген халыққалауылары бұл лауазымымен қоштасты. Бес жылға сайланған жетінші шақырылым депутаттарының өз мерзімін толық атқарып шығуына Конституцияға енгізілген өзгерістер мүмкіндік бермеді. Енді алдағы сайлаудан Мәжіліс жаңарған жүйеде жұмыс істейді. Парламентте үш партия емес, енді одан да көп саяси күштер ооытратын болады. Бір мандатты депутаттар келеді.Президент жарлығынан соң, біз ендігі таралып кеткен Мәжіліс ғимаратына бас сұқтық. Экс-депутаттармен сұқбаттастық.

Қаржы министрлігі болса Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге қазынадан 33,4 млрд теңге қарастырылғанын хабарлап отыр. Бұл сома 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында нақтыланбақ. Ал бұған дейін, еліміздің бас қаржыгері, бюджеттен бөліп үлгермесе, үкімет резервінен бөлінуі мүмкін деген пікірін айтқан болатын.

Кейбір ендігі экс-депутаттар қызметтік бөлмесіндегі жеке заттарын да жинап үлгеріпті. Көмекшілері болса,іс-қағаздарын реттеп жүгіріп жүр. Ерлан Сайыровтың кабинетінің төрінде Ұлы Абайдың, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың портреттері ілініп тұрғанын көзіміз шалды.Не керек, экс-мәжілісмендерге парламенттегі жайлы орнымен қоштасу оңай болып жатқан жоқ. Себебі, алдағы сайлауда, олардың партияның сүзгісінен өтіп, депутат болатынына кепілдік жоқ. Айта кету керек, олар бір айдың ішінде депутаттық пәтерін тапсыруы тиіс. Ал мерзімінен бұрын таратылып отырғандықтан экс- мәжілісмендерге екі айдың жалақысы көлемінде өтемақы төленуі тиіс. Депутаттардың айлығы орташа алғанда 600 мың тг құрайды.

Байқағанымыз билік үшін 19 саны ерекше сан сияқты. Мәжілісті 19 қаңтарда таратып, сайлауды 19-ы наурызға бекітіп отыр. Ал осыдан үш жыл бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 19-ы наурызда ел билігінен кететінін мәлімдегені есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.