Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ҚАШАН ТАРАЙДЫ?

c 10:52, 19/01/2023 c 95

0:00 / 0:00

Парламент Мәжіліс қашан тарайды?,-деген сұрақ қоғам назарында. Өткен жылы ел Президенті жылдың бірінші жартысында Парламент Мәжілісі мен маслихатының сайлауы өтетінін мәлімдегенді. Себебі,Парламент референдумнан кейін Ата заңға енгізілген өзгерістер аясында жаңа қарқында жұмыс істеуі керек. Мәжіліс депутаттарының өзі әзірге қашан тартылатындарын білмейді. Дегенмен, келесі шақырылымнан үміттілері де жоқ емес.

Екі жыл бойы отырған Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депуттары мерзімінен бұрын таратылады. Бұл шақырылымды Президент тарата ма, әлде депутаттар өздері бастама көтере ме? Ол әзірге белгісіз. Мәжілісмендердің өзі қашан таратыландарынан бейхабар. Дегенмен, жетінші шақырылымның жұмысы көпке ұзамауы керек. Себебі, референдумнан кейін Ата заңға енгізілген өзгерістер аясында бұл мәжілістің жұмысы заңсыз болып табылады дейді депутат Азат Перуашев. Ал Перуашевтың алдағы сайлауға қатысу, қатыспауын партиясы шешеді.

Мәжілісмен Ғазиз Құлахметов қызылдар партиясынан шығып, бір мандатты депутат ретінде бақ сынап көрмек.

Не керек, депутаттардың көңілі алаңдаулы. Бүгін-ертең тарап кетіп жатса, депутаттық үйінен, өзін ары-бері тасып жүрген қызметтік көлігінен, қомақты жалақасынан, санаторийге барып ем-дом алудан айырылады. Тізе берсек, депутаттарға жасалатын жеңілдік көп. Халыққалаулылары қара халық сияқты ұзын-сонар емханада кезекте тұрмайды. Президенттің ісін басқару емханасында сапалы ем алады. Бір сөзбен айтқанда депутаттық иммунитеттен қол үзеді. Ал Мәжіліс осы айда тарап жатса, сайлаудың ауылы да алыс емес. Заң бойныша екі айда Парламент сайлауы өтеді. Бұл жолы Парламентке келетін сасяи партиялардың саны артып, бір мандатты депутаттарды көруге мүмкіндік туады. Депутаттар мәжілістің сегізінші шақырылымы 30-40 пайызға жаңаруы мүмкін деп отыр. Ал қазіргі депутаттардың қайсысы қайта сайланатын уақыт көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.