0:00 / 0:00
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты сыни пікірлерге жауап берді. Өздеріңізге мәлім, қазір министрлікте БАҚ өкілдерінің статусын, ақпарат тарату барысын реттейін құжат талқыланып, қаралып жатыр. Заң жобасы аясында журналистердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, өзін-өзі реттеу институттарын дамыту, телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтерді өзгерту жоспарланған. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері туралы заңға түзетулер әзірленді. Алайда, журналистер қауымдастығы ерекше жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау алдында лауазымды адамдармен ақпараттық хабарламаларды келісуі және медианы сотқа беру мерзіміне қатысты келіспеушіліктер бар деп отыр. Ақпарат министрі бұл мәселелер назарға алында деді.
Ақпарат министрлігі ұсынған масс медиа тцуралы құжат журналистердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, ақпаратқа қол жеткізуді қамтиды. Алайда, құжатта ерекше жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау алдында лауазымды адамдармен ақпараттық хабарламаларды келісуі керек екені жазылған. Бұл журналистердің төтенше жағдай кезінде ақпарат алуына кедергі деп отыр журналистер қауымдастығы. Сондай-ақ, жобада медианы сотқа беру мерзіміне қатысты да сұрақ туындаған еді. Ақпарат министрі журналистер көтерген бұл мәселелер өзгертілді дейді.
Бұған дейін айтылғандай, масс-медиа туралы заң үкіметтен өтіп, Парламентке жетсе «баспасөз картасы» енгізілетін болады. Министр Қыдырәлі «баспасөз картасы» журналистерді құқықтық жағынан қорғайтын болады деп отыр. Press-картамен кез-келген мемлекеттік шараға тіркелусіз қатыса аласыз дейді министрлік өкілдері. Сондай-ақ, журналист баспасөз картасынан бас тарта алады. Тек мемлекеттік органдардың тіркеуінен өз бетінше өтуі керек болады. Ал соңғы кезде БАҚ өкілдеріне қатысты шабуылдар көбейіп кетті. ІІМ-гі соңғы 6 айда журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталғанын хабарлаған еді. Ақпарат министрі ұсталғандардың артында кімдер тұрғаны анықталуы тиіс дейді.
2022 жылғы қыркүйектен бастап биылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекет жасалған. ІІМ таратқан хабарламада, жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды.